Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен атқарылып, ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 пайызға жеткен. 2023 жылы Сайрам, Қызылсу және Бозарық елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Жұмысты жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Нәтижесіндеауданның ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрайды.
Аудан аумағы 98 пайыз электр жарығымен қамтылған. 2023 жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағына электр жүйесінің құрылысы жүргізіліп, бүгінде аталған аумақта абоненттеу жұмыстары қолға алынған. Жұмыс толық аяқталған соң, аудан аумағы 100 пайыз жарықпен қамтылады. Бүгінде Тассай тұрғын алабы, Бозарық саяжайы жаңақұрылыс аумағында табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысты 2024 жылдың III тоқсанына дейін аяқталса, ауданның табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 пайызға жетеді.
2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көп қабатты үй аумағында 5 аула мен 9 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін көп қабатты үй аулаларын 100% абаттандыру көзделіп отыр.
Сондай-ақ, 2024 жылға дейін аудан аумағындағы 266 көшені жарықтандыру және 45 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізу жоспарланған.
– Қаратау ауданы аумағында тұрғындардың сұранысы мен өтініштеріне сәйкес барлық жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Алдағы уақытта ауданның бес жылдық даму жоспарына сәйкес, ауқымды жұмыстар жасау жалғасатын болады, – дейді аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов.
Салтанат ЖАМАЛДИНОВА