Осы орайда, Қаратау ауданы аумағындағы Шапырашты елді мекенінде жаңа «Sarybai» спорт кешені тұрғындардың игілігіне берілді.
Жергілікті меценат, белгілі спортшы М.Қыпшақбаевтың бастамасымен ашылған спорт кешенінде спорттың бес түрі бойынша арнайы залдар қарастырылған. Жалпы 1000-нан астам бала жаттығатын кешен қажетті заманауи жабдықтармен қамтылған. Кешенде бапкерлер өз қызметтеріне кірісті.
Алдағы уақытта аудан аумағындағы шалғай елді мекендерде де ауқымды спорт нысандары ашылатын болады.