Шымкент-Ауғанстан: іскерлік байланыс орнады

Пятница, 11 Август 2023 05:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 659 раз

augan-shymkent

Қала әкімі Мұрат Әйтенов инвестициялық жобаларды іске қосу мақсатында ауғанстандық «Zalal Mowafaq» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде екі тарап Шымкентте жылына 500 миллион бөтелке алкогольсіз сусын шығаратын зауыт салу жоспарын талқылады. Бұл кәсіпорын 300-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Компанияның Ауғанстанда жеміс шырындары мен энергетикалық сусындарды өндіруде жиырма жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта бұл әлемдік тәжірибеде сұранысқа ие сусын екендігі дәлелденді. Ауғанстандағы алкогольсіз сусындар нарығының 78,4 пайызын иеленуі олардың бұл саладағы жетістіктері мен тәжірибесі мол екендігін көрсетеді. Аталған инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін «Бозарық» индустриалды аймағынан 10 гектар жер телімі берілді. Жобаның жалпы құны 7 млрд 200 млн. теңгені құрайды. Зауыт 2024 жылы ашылады деп жоспарланған.

Атап өтейік, тамыз айының басында Астанада өткен Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумы аясында жалпы сомасы 190,8 млн долларды құрайтын экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы іс жүзінде 1 млрд АҚШ долларына (987,9 млн) жетіп, 2021 жылғы көрсеткіштерді екі есеге арттырды. Тауар айналымының 90 пайызы қазақстандық экспортқа, негізінен өңделген өнімге тиесілі. Екі ел арасындағы сауда айналымы биылғы 6 айда 343,6 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде 334,5 млн-ы қазақстандық экспорт.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.