6 ЕЛДІ МЕКЕН КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ Избранное

Пятница, 04 Август 2023 04:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1067 раз

Жоспарға сәйкес елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы құрылыс жұмыстары қала аумағында 6 нысанда жалғасуда. Олар – Тассай, Тұран-3 кезек, Асар-2, Сауле шағынаудандыры, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га. Жуырда Ынтымақ шағынауданында да газдандыру құрылысы басталды. Қала әкімі М.Әйтенов аталған елді мекенде болып, жұмыс барысын қадағалады. Мердігер мекеме «Алия-Сервис» ЖШС-і жұмысшылары мен техникалық қадағалаушылар жалпы жұмыстың әзірге 10%-н атқарды.

795

 

Жоба бойынша газ құбырларының ұзындығы 76,42 шақырымды, газдың қуаттылығы 15 255,36 м3/сағ. құрайды. Нысан толық пайдалануға берілгенде 4534 тұрғын үй табиғи газға қосылады. Өндірістік кестеге сай газдандыру құрылысы келесі жылы аяқталып, елді мекен халқы орталықтандырылған желіге қосылады.

793


М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға газ құбырларын жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтап, жергілікті халыққа қолайсыздық тудырмауды назарға алуды ескертті. Сондай-ақ қала аумағындағы өзге де нысандардағы газдандыру жұмыстарының сапасын, өндірістік кестеге сай атқарылуын қадағалауды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.