Алты айдың қорытындысы бойынша қалаға тартылған инвестиция көлемі 223,6 млрд теңгені құрады. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 721,7 млрд теңгеге арттыру жоспарлануда. Сәйкесінше, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 32 пайызға ұлғаяды. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 498,3 млрд теңгеге жеткен.
– Шаһарда азаматтарды жұмыспен қамту – басым бағыттардың бірі. Есепті кезеңде 128,6 мың шағын және орта бизнес субьектісі жұмыс істесе, онда жұмыспен қамтылғандар саны 213,7 мың адам. Яғни, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 18,8 пайызға өскен. Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2023 жылға 19,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Жыл басынан бері 13,9 млрд теңгеге 3 516 жобаға қолдау көрсетілді, – деді басқарма басшысы.
«Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде 6 айда 215 жобаға 516,3 млн теңгеге қолдау көрсетілді. Жастарға қолдау көрсету бағытындағы жеңілдетілген несие көлемі де ұлғайған.
А.АЙТӨРЕ