Іс- шараның негізгі мақсаты — аналарымыздың өзіне деген сенімін арттыру, өзін-өзі бағалау, өмірдің қиын жағдайына ұшыраған әйелдерге қолдау көрсету, өз құқықтарын таныстыру. Кездесуде сөз алған Шымкент қаласы Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Эльенора Ағабекқызы нәзік жанды аруларымыздың қоғамда, отбасында атқарып отырған қызметіне тоқталды, сондай-ақ кәсіпкерлік жолында жеткен жетістіктері мен еңсерген биіктері жайлы әңгіме өрбітті. Шымкент қалалық №11 емхананың гинекологы әйелдің репродуктивті денсаулығын қорғау, әйелдер арасындағы созылмалы аурулардың алдын алу жайлы баяндама оқыса, емхана психологы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша, тұрмыста әйелдерге қатысты күш көрсетушілік фактілерінің алдын алу мәселелеріне тоқталды.
Тағылымы терең іс-шара мамандардың психологиялық тренингіне ұласты. Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.