Мәселен, Қаратау ауданында қазіргі таңда 7 ашық спорт алаңшасы, атап айтқанда, Тұран шағынауданында – 2, Нұртас шағынауданында – 2, Таскен, Өтеміс және Шапырашты тұрғын алаптарының әрқайсысында 1 спорт алаңшасының құрылысы басталып, жуырда тұрғындардың игілігіне берілетін болады. Аталған спорт алаңшаларда демалуға арналған орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылады. Сондай-ақ, ересектер үшін дене шынықтырумен айналысуға да мүмкіндік бар. Жаттығуға арналған Workout элементтері спортпен белсенді түрде айналысуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 34 балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды. Мердігер мекемелер өз жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес орындауда.
Атап өтетін жайт, орнатылатын спорт және ойын элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорындарда өндірілген отандық өнімдер.