Қаратау ауданына қарасты Асар-2 тұрғын алабына табиғи газ берілді. Мердігер мекеме арқылы ұзындығы 24 шақырымдық құбыр жүргізіліп, нәтижесінде 1 046 абонент табиғи газ желісіне қосылуға мүмкіндік алды.
Алдағы уақытта жергілікті халық «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен техникалық шарт жасасу арқылы өтініш білдіріп, газ желісін пайдалана алады.