АЗАМАТТАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ – НАЗАРДА

Пятница, 02 Декабрь 2022 10:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 914 раз

Шымкентте 1 744 азаматтың еңбек құқығы қорғалды. Бұл туралы Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының өкілдері мәлімдеп отыр.

 

Азаматтардың еңбек құқығының сақталуы — еңбек өнімділігіне тікелей әсер етуші фактор. Оның тұрғындардың әлеуметтік жағдайына да тікелей әсері болғандықтан, жергілікті атқарушы органдар еңбек қатынастарының тұрақтылығын үнемі бақылап отырады.
Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, жыл басынан бері еңбек заңнамасының бұзылуына байланысты 1 160 арыз-шағым мен өтініш қаралып, 296 тексеру жүргізілген. Тексеру барысында 316 заң бұзушылық анықталып, 21,9 млн теңге айыппұл салынған. Нәтижесінде 1 744 азаматтың еңбек құқығы қорғалып, заң талаптарының орындалуы қадағалауға алынған.
Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері жұмысшылардың еңбекақысын толық әрі мерзімінде төленуі бойынша да біршама жұмыс жүргізілді. Мамандар жыл басынан бері азаматтардың 222,3 млн теңге көлеміндегі еңбекақысы өндірілгенін мәлімдеп отыр. Бақылау-қадағалау және медиация жұмыстарының нәтижесінде 57 кәсіпорынның 1 355 қызметкеріне еңбекақысы төленген.