«RUH CAMP» ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСТЫ Избранное

Пятница, 23 Сентябрь 2022 04:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1283 раз

Шымкент қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастырумен «Ruh camp» көшпелі оқыту семинары өтті.

241

 

Семинарға Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының идеология саласына жауапты, жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейтін 30-дан астам қызметкер қатысты. Оларға танымал жаттықтырушылар, республикалық сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен институт қызметкерлері дәріс өтеді.
Оқыту семинары қызметкерлердің коммуникативтік қасиеттері, аналитикалық дағдылары мен сыни ойлау қабілеттерінің дамуына, ауқымды деректермен жұмыс істеудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруге, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің біліктілігінің артуына және БАҚ саласында сапалы ақпараттық-имидждік сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Оқыту семинарын «Data Insight» тәуелсіз агенттігінің және Datainsight Academy онлайн мектебінің директоры, әлеуметтік, бизнес және ғылыми зерттеулер жүргізудегі 12 жылдық тәжірибесі бар, 50-ден аса аймақтық, республикалық және халықаралық ауқымдағы жобалардың авторы, әлеуметтік психология және зерттеу әдіснамасы бойынша жаттықтырушы Ілияс Тілеубергенов жүргізуде.
Екі күндік модульдің алғашқы күні Ілияс Тілеубергенов «Мемлекеттің идеологиялық жұмыстары: аймақтарда іске асыру жолдары» тақырыбында сөз алып, идеологияның маңыздылығы, идеологияның қоғамдық сана мен құндылықтарға әсері, идеологиялық жұмыстарды қаражатсыз өткізу, идеологиялық жұмыстың тиімділігін бағалау мен мониторинг жасаудың тәсілдері бойынша кеңінен әңгімеледі.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жалпы, «Ruh camp» көшпелі оқыту семинарлары осыған дейін 24-25 тамыз күндері Көкшетау, 7-8 қыркүйек күндері Ақтөбе қалаларында өткен. Биылғы
5-6 қазан күндері Алматы, 13-14 қазан күндері Астана қалаларында жалғасады.