Версия для печати

СӘУІР АЙЫНДА ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨБЕЙДІ Избранное

Среда, 20 Апрель 2022 04:19 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 10829 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақы мен жәрдемақылар республикалық бюджет инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, 2022 жылғы
1 сәуірден бастап қайта есептеліп жатыр.

45

 

- Айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңге;
- Ең төменгі зейнетақы – 48 302 теңге;
- Ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 21 191 теңге;
- Ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшері – 37 389 теңге.

Зейнетақы 4 пайызға артады

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің уақтылы қайта есептелуін қамтамасыз ету мақсатында келесі жағдайды хабарлаймыз:
- 2022 жылдың 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін алып жүрген зейнетақы төлемдерінің негізгі мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 4 пайызға артады.
- Ең төменгі зейнетақы мөлшері 46 302 теңгеден 48 032 теңгеге дейін өседі;
- Зейнетақыға қосымша төленетін базалық зейнетақы төлемінің мөлшері әрбір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес 20 191 теңгеден 37 389 теңгеге дейінгі аралықта арттырылады.
2022 жылдың 1 сәуірінен бастап жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғарғы орташа айлық табыстың мөлшері 46 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек. Яғни, орташа айлық табыстың шектік көлемі 3 180 АЕК х 46 =146 280 теңгені құрайды.

Жәрдемақылар

Күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруіне байланысты 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап жәрдемақылардың мөлшері де өзгереді.

Мүгедектік жәрдемақылар:
І топ 69 155 теңгеден — 71 787 теңгеге;
ІІ топ 55 108 теңгеден — 57 206 теңгеге;
ІІІ топ 37 459 теңгеден — 38 885 теңгеге;
- 7 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы 50 426 теңгеден 52 345 теңгеге артады.
7 жастан асқан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға берілетін жәрдемақы:
І топ 69 155 теңгеден — 71 787 теңгеге;
ІІ топ 57 269 теңгеден — 59 449 теңгеге;
ІІІ топ 43 222 теңгеден — 44 867 теңгеге көбейеді.
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы
16 маусымдағы № 126 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты 2021 жылғы 24 қазаннан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедек балалар мен бала кезінен мүгедектерге олардың ата-анасы қайтыс болған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыны бір мезгілде алуға құқығы енгізілді. Осыған орай, аталған санаттағы жәрдемақыны алуға құқығы бар азаматтар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласуы қажет.
Сонымен қатар, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге төленетін жәрдемақы 50 426 теңгеден — 52 345 теңге, ал І топтағы мүгедекке күтім жасаушыға 50 426 теңгеден 52 345 теңге артып отыр.
2021 жылдың қазан айынан бастап I топтағы мүгедекті бағып отырған отбасыларға (адамдарға) жаңа арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 52 345 теңге (1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейінің есебінен) енгізілді. Бұл күтім бойынша жәрдемақы мүгедектік себебіне қарамастан, мүгедек деп белгіленген мерзімге (бала кезінен мүгедек, жалпы ауру және өндірістік жарақат және т.б.) 1-топтағы мүгедектің күтушілеріне тағайындалады.

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы:
1 балаға - 30 976 теңгеден — 32 155 теңгеге;
2 балаға - 53 667 теңгеден — 55 710 теңгеге;
3 балаға - 66 634 теңгеден — 69 170 теңгеге;
4 балаға - 70 596 теңгеден — 73 283 теңгеге;
5 балаға - 73 117 теңгеден — 75 900 теңгеге;
6 және одан көп балаға 75 998 теңгеден 78 891 теңгеге көбейтіліп, төленетін болады.
Ал, тұл жетімдерге 44 120 теңге көлемінде әр балаға бөлек жәрдемақы төлеу қарастырылған.

Арнайы жәрдемақылар

Арнайы жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің 3 180 теңгеге өсуіне байланысты:
- №1 тізім бойынша 28 854 теңгеден – 29 956 теңгеге ;
- №2 тізім бойынша 25 668 теңгеден – 26 649 теңгеге ұлғаяды.
Бала туғанда оның күтіміне байланысты төленетін біржолғы және ай сайынғы жәрдемақы көлемі де біршама өсті.
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар:
- 1, 2 және 3-ші бала туылғанда — 120 840 теңге;
- 4-ші және одан кейінгі бала туылғанда 200 340 теңге төленеді.
Бала 1 жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы:
- 1 балаға — 18 317 теңге;
- 2 балаға — 21 656 теңге;
- 3 балаға — 24 963 теңге;
- 4 және одан көп балаға 28 302 теңге төленетін болады.

ЕСКЕРТУ: жұмыс істейтін аналарға дейінгі бала күтіміне байланысты 1 жасқа дейін төленетін жәрдемақы мөлшері оның табысының көлеміне қарай анықталып, жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан төленеді.
Көп балалы отбасыларға берілетін, яғни, 4 және одан да көп баласы бар отбасылардың әлеуметтік төлемі бала санына қарай есептеледі. Белгіленген мемлекеттік жәрдемақы мөлшері келесідей:
- 4 балаға - 49 100 теңгеден – 50 976 теңгеге;
- 5 балаға - 61 383 теңгеден – 63 728 теңгеге;
- 6 балаға - 73 666 теңгеден – 76 479 теңгеге;
- 7 балаға - 85 948 теңгеден – 89 231 теңгеге;
- 8 балаға - 98 016 теңгеден – 101 760 теңгеге;
- 9 балаға - 110 268 теңгеден – 114 480 теңгеге;
- 10 балаға - 122 520 теңгеден – 127 200 теңгеге;
- 11 балаға - 134 772 теңгеден – 139 920 теңгеге;
- 12 балаға - 147 024 теңгеден – 152 640 теңгеге;
- 13 балаға - 159 276 теңгеден – 165 360 теңгеге;
- 14 балаға - 171 528 теңгеден – 178 080 теңгеге;
- 15 балаға - 183 780 теңгеден – 190 800 теңгеге артатын болады.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар

«Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы 19 604 теңгеден
20 352 теңгеге көбейтіледі.
- Кеңес Одағының батырлары мен 3 дәрежелі «Даңқ» орденінің иегерлерінің жәрдемақысы
424 624 теңгеден 440 844 теңгеге;
- «Социалистік Еңбек Ері», 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегерлері 424 624 теңгеден –
440 844 теңгеге;
- «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы», «Халық қаһарманы», «Еңбек ері» 424 624 теңгеден – 440 844 теңгеге;
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар 49 008 теңгеден – 50 880 теңгеге;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері 49 008 теңгеден – 50 880 теңгеге;
- Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендер 18 960 теңгеден – 19 685 теңгеге;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендер 23 126 теңгеден – 24 009 теңгеге;
- Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер жесіріне 13 723 теңгеден – 14 247 теңгеге;
- Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 14 060 теңгеден – 14 597 теңгеге;
- Қайтыс болған соғыс мүгедектері, оларға теңестірілген мүгедектердің әйелі(ері) 7 842 теңгеден – 8 141 теңгеге;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы еңбегі үшін 6 525 теңгеден – 6 774 теңгеге;
- 1988-1989 жыл Чернобыль АЭС-ындағы апат зардаптарын жоюға қатысушылар 18 960 теңгеден – 19 685 теңгеге;
- Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек немесе зейнеткер болып табылатындарға 3 278 теңгеден – 3 403 теңгеге;
- ҚР ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдар 3 278 теңгеден – 3 403 теңгеге;
- Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік пен Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге төленетін жәрдемақы 14 703 теңгеден 15 264 теңгеге артып отыр.

46


Айта кететін жәйт, сәуір айынан бастап арттырылатын зейнетақы мен жәрдемақылардың ұлғайтылған мөлшері, зейнетақы мен жәрдемақының келесі төлеу кезеңінде қосымша төлеммен төленетін болады.

Әнуар ІЛЕСПАЕВ,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Шымкент қаласы
бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.