Версия для печати

«Онкологиялық скринингтен өту маңызыдылығы немесе өз денсаулыға деген жауапкершілікті арттыру»

Среда, 08 Декабрь 2021 10:32 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 10535 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Кез-келген ауруды ерте кезеңде анықтау оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады. Скринингтік зерттеулер скрининг түріне байланысты ТМККК және МӘМС бойынша жүргізіледі.

 

Скринингтік зерттеулер дегеніміз не? Скринингтік зерттеулер – бұл ауруларды ерте кезеңінде анықтау үшін денсаулығына шағымдары жоқ адамдардың медициналық тексерілуі. Скринингтер қоғамдық денсаулықты сақтауға бағытталған. Оларды өту әр азаматтың міндеті. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің скринингтен өтуі үшін барлық жағдайды жасауға, оның ішінде адам асықпай тексерілуден өтуі үшін жұмыстан босатуға міндетті. Скринингтен өту үшін пациенттің МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесі болуы қажет. Скринингтік зерттеулерден кімдер өтуі керек? Скринингтерді тексерулерде қарастырылған белгілі бір жас тобына кіретіндер өтеді. Мысалы, жатыр мойны обырын скринингтен 30-70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет өтеді. Сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы әйелдер. Өту мерзімі: 2 жылда 1 рет. Колоректальды обырды ерте анықтауға арналған нысаналы топ: тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер өтуі керек. Өту мерзімі: 2 жылда 1 рет. Егер осы жылы науқас скринингтен өту үшін тізімге енгізілсе, учаскелік медбике оны скринингке шақырады және тексеруге қалай дайындалу керектігін айтады. Скринингке жататын ауруы бойынша «Д» есепте тұрған адамдарға тексеру жүргізілмейді.
Қатерлі ісік – болжамы нашар ауру. Уақытылы емделмесе, қатерлі ісіктер дамиды және науқастың өліміне әкеледі.

№6 қалалық емхананың қызметкерлері өз денсаулығыңызға деген жауапкершілікті арттыруға және уақтылы онкологиялық тексерулерден өтуге шақырады.

С.Кульбаева,

№6 қалалық емхананың әйелдерді көру бөлмесінің гинекологы 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.