ТАРИХТЫҢ ЖАҢА БЕТІН АШҚАН ҰЛАНДАР
Пятница, 06 Октябрь 2023 04:192022 жылы күрес түрлерінен Ұланбатырда (Моңғолия) өткен Азия чемпионатында грек-рим күресінен екі бірдей алтын жүлдеге қол жеткіздік. Шымкенттік балуандар Мейіржан Шермаханбет пен Әлімхан Сыздықов Қазақстан қоржынына қос алтын салды. Расында, оңтүстік жұртына Азия чемпионатының алтын жүлдесі үлкен олжа еді. Әлемдік саптағы мықты балуандардың бірі Мейіржан Шермаханбет биылғы Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды. Бұл жүлдені спорт жанкүйерлері үзақ күткен болатын.
АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ
Среда, 04 Октябрь 2023 04:49Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері туған жерге оралды. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысының жеңімпазы Зухра Ирназарова, ұлттық құрама сапында күміс жүлдегер Фатима Ирназарова, стенд атудан скит бағдарламасы бойынша жеңімпаз Зоя Кравченко, нысана көздеуден қола жүлдегер Никита Чирюкин және таэквондодан қола жүлдегер Смайыл Дүйсебайды Шымкент әуежайынан жерлестері қошеметпен күтіп алды.
КЕҢЕСКЕН ЖЕРДЕ КЕМДІК ЖОҚ
Среда, 04 Октябрь 2023 04:48қала әкімі қаратаулықтардың мәселелерін тыңдады
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Шаһар басшысы тұрғындарға әлеуметтік-экономикалық даму мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу жұмыстарының барысынан хабардар етіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: ҚОРЖЫНДА – 3 АЛТЫН, 3 КҮМІС, 14 ҚОЛА
Пятница, 29 Сентябрь 2023 05:38Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Жазғы Азия ойындары қыза түсті. Қазіргі таңда ел спортшылары 3 алтын, 3 күміс, 14 қола жүлдемен 9-шы орында келеді. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша әйелдер құрамасы алғашқы алтын жүлдені ел қоржынына салған еді. Ұлттық құрама сапында Алматы облысынан Әсем Орынбай және Шымкент қаласының спортшылары – Зоя Кравченко, Ольга Панарина финалда Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды.
«Ел жарасты көрінер, еңбегі жанған ерімен»
Пятница, 29 Сентябрь 2023 03:51Қалалық Жастар ресурстық орталығында «Сенім қадамы» жобасы аясындағы «Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырған байқауға 100-ге жуық өтінім түскен еді.
Отанды қорғау – перзенттік парыз
Пятница, 29 Сентябрь 2023 03:49ҚР Қорғаныс Министрлігінің Әскери бөлімдеріне жас сарбаздарды салтанатты шығарып салу іс-шарасы өтті. Шымкентте осы күзде 900-ден астам азамат әскери қызметке шақырылады. Бұған дейін ҰҚК Шекара қызметі бөліміне әскерге шақырылушылардың бірінші командасы жіберілген-тін.
ИНВЕСТ БАҒДАРЛАМАМЕН 8 НЫСАН ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Среда, 27 Сентябрь 2023 05:54Шымкент қаласында су құбыры және кәріз жүйелерін жөндеу, қайта құру бойынша 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама бекітілген еді. Биыл ірі 8 нысанда құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Шымкент қаласының су құбыры және канализация басқармасы және Табиғи монополияларды реттеу департаменті бірлесе ұйымдастырған кезекті баспасөз турында атқарылған жұмыстар сараланды.
ТАРИХЫҢДЫ ТАНЫ, ТҰЛҒАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕ
Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:46Шымкентте түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы Арыстан бабқа арналған еліміз бойынша тұңғыш рет республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. «Арыстан баб және ихсан тағылымы» тақырыбындағы басқосуға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшелері, имамдар, зиялы қауым өкілдері, студент жастар қатысты.