ҚАРУЛАСТАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Пятница, 16 Февраль 2024 09:17Шымкент қаласының Абай саябағында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараға қатысушы Ауған соғысы ардагерлері, олардың туыс-бауырлары ерлікпен қаза тапқан ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Среда, 14 Февраль 2024 03:56Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №1 Талант жалпы білім беру мектебі мен №122 Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие: ар-ұят, талап, ұлттық мүдде» атты республикалық семинар-практикум өтті. Іс-шараны Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Дәрібаева құттықтау сөзімен ашып берді.
«Tazalike» – таза қала кепілі
Среда, 14 Февраль 2024 03:53Шымкентте «Tazalike» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Қала тұрғындары экологиялық акцияға белсене үлес қосты.
Зілзала кезінде сақтануды үйретпек
Пятница, 09 Февраль 2024 03:47Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев алғашқы жер асты дүмпулеріндегі негізгі іс-қимылдардың ережелері тақырыбында баспасөз брифингін өткізді. Нұржан Нұрханұлы жер сілкінісі кезінде тұрғындардың әрекет ету тәртібін баяндап, өткен жылы атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
ЖҮЗ ЖЫЛДЫҒЫН ОЙЛАҒАН АҒАШ ЕГЕДІ
Пятница, 09 Февраль 2024 03:43Шымкентте кейінгі жылдары саясы мол ағаштарды отырғызуға басымдық беріліп жүр. Өткен жылы қаланың орталық көшелеріне 51 348 түп көшет егілді. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев былтыр қараша айында қала тұрғындарымен кездесуде қалаға жапырақты ағаштар көптеп керек екенін айтқан еді. Өйткені, оның көптеген пайдалы тұстары бар екен.
ҮМІТІМІЗ – МЕЙІРЖАН, ӘЛІМХАН, ЕЛЕНАДА!
Пятница, 09 Февраль 2024 03:381-5 ақпан аралығында Елордада өткен күрес түрлерінен ҚР чемпионаты жаңа есімдерді танытты. Олимпиадалық іріктеу турниріне қатысатын үздіктер анықталды. Әрине, Париж ойындары алдындағы бәсекенің жөні бөлек: жолдамадан үмітті еліміздің үздік балуандарының дайындығы пысықталды, жаңа жоспарлар түзілді. Жауапты сында Шымкент қаласының балуандары 9 жүлде олжалады. Сенім үдесінен шыққандар да, әттеген-ай дейтін жағдайларға да куә болдық.
ЗИЯНДЫ ЕҢБЕККЕ ЕСЕЛЕП ТӨЛЕНЕДІ
Пятница, 02 Февраль 2024 08:13Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жұмыс орындарындағы кәсіптік тәуекелдердің алдын алуға және болдырмауға бағытталған 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдауға тапсырма берді. 2023 жылдың 26 желтоқсанында қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданып, оған сәйкес жалпы еңбек жағдайларын жақсарту арқылы жұмысшыларды әлеуметтік қолдау көзделіп отыр. Тұжырымдама жалпы 6 бағыт бойынша іске асырылады.
ЖАСТЫҢ ТІЛЕГІ, ҚАРТТЫҢ БАТАСЫ ҚАБЫЛ
Пятница, 26 Январь 2024 05:34Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қалалық ардагерлер кеңесінің отырысына қатысты. Қала әкімі ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесуде атқарылған жұмыстар және жоспарлармен таныстырып, кеңес мүшелерінің ұсыныс, талап-тілектерін тыңдады. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев ұйымның тыныс-тіршілігін баяндап, биылғы жұмыс жоспарларынан хабардар етті. Бүгінде қалада 90 мыңнан астам ардагер бар.