Шымкент қаласында спорт саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтар болсақ, шаһарда соңғы 3 жылда, яғни, 2020-2022 жылдары 219 спорт нысаны пайдалануға берілген. Ал, биылғы жылдың алғашқы 6 айында тағы да 18 спорт нысаны ашылып, жалпы саны 1 093-ке жетіп отыр.

551

Биыл мамыр айында Қазақстан мен Өзбекстанның жеңіл өнеркәсіп кешенін бірлесе дамыту мақсатында үкіметаралық келісімдер жасалған болатын. Осыған орай Шымкент қаласында Өзбекстан Республикасынан келген арнайы делегация өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек қатысып, көрші елден келген инвесторлар мен бизнес өкілдеріне өзара ынтымақтастықтың тиімді тұстары жайлы айтты.

255

shymkent-5-jyl 3

Шымкентке республикалық маңызға ие қала мәртебесін беру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына биыл 19 маусым күні 5 жыл толады. Осынау айтулы датаға орайы қала әкімі Мұрат Әйтенов Астана қаласында орналасқан ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне үшінші мегаполистің өткен бесжылдықтағы дамуы жолы, атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер жайлы баяндап берді.

Мұрат Дүйсенбекұлы жаһандану процессінде бүкіл әлемде урбандалу әлі де қарқынды жүріп жатқанын, қазір әлемдік тренд – бәсекелестік елдер емес, ірі қалалар арасында жүріп жатқанына тоқталып, өркениет пен капиталдың негізгі бөлігі мегаполистерде шоғырланатынын атап өтті. Шаһар басшысының айтуынша, Шымкент те осынау әлемдік трендтен тыс қалмай, уақыттың талабына сай дамуды көздейді.

Осы орайда, М.Әйтенов Шымкентте экономиканың негізгі салаларында орнықты даму барын жеткізді.

– Көрсеткіштерге келетін болсақ, соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті. Сонымен қатар қала экономикасына 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Экономиканың орнықты дамуы бюджет көлемінің артуына ықпал етті. Қала бюджеті 5 жылда 4 есе көбейіп, 146 милиардтан 642 миллиард теңгеге жетті, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

shymkent-5-jyl 2

Қала әкімі биылғы өткен 5 айда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда инвестиция көлемі – 22 пайызға, құрылыс жұмыстары – 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы – 73 пайызға, ал, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артқанын атап өтті.

– Ендігі кезекте қаланың стратегиялық дамуына көп мән беруіміз қажет. Бірінші кезекте – қаланың бас жоспарын демографиялық өсім қарқынына байланысты қайта қарап, жаңадан әзірледік, - деді М.Әйтенов.

Сондай-ақ, қаланың 5 жылдық даму жоспары қайта қаралып, басым салаларды белгіленген. Шымкентте экономиканың дамуына тың серпін беріп отырған саланың бірі – өнеркәсіп. Бүгінде Шымкентте жұмыс істеп тұрған 5 өндірістік алаң бар. Онда жалпы құны 350 миллиард теңгенің 335 инвестициялық жобасы жүзеге асып жатыр.

Брифинг барысында қала әкімі тағы да 5 өндірістік алаң ашылатынына тоқталып өтті.

– Өндіріс алаңдарына қажеттіліктің артуына байланысты, жаңадан жалпы аумағы 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жаңадан 3 индустриалды аймақ ашып, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен Шымкент көлік-логистикалық аймағын кеңейту көзделуде. Бұл аймақтарда жалпы жиынтығы 400 млрд. теңгеге 284 инвестициялық жоба іске асырылады. Онда 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылады, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімінің айтуынша, жаңадан құрылатын «Жұлдыз» индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр. Онда машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 200 млрд. теңгеге 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске аспақ. Бұл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Аталған аймақта инвестициялық құны 147 млрд. теңге құрайтын, 42 жобаны іске асыру жұмыстарын бастап кеттік. Оның ішінде 2023 жылы инвестициялық құны 7 млрд. теңге құрайтын, 400-ден аса жаңа жұмыс орындарымен 5 жобаны іске қосу көзделуде.

– Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту мақсатында аумағы 132 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде 21 жобаға 23 млрд.теңге инвестиция тартылып, 1 800-ден астам жұмыс орны ашылады, – деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар шаһар басшысы Президент тапсырмасына сәйкес, сауда-логистикалық орталығын кеңейте отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін өңірлік-Хаб құру жұмыстары басталғанына да тоқталды. Бұл жоба 2023-2027 жылдар аралығында іске асырылады екен. Кеңейтілген аймақта 47 млрд. теңгеге қосымша 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланыпты. Ал, «Стандарт» жеке индустриялық аймағына 30 млрд. теңге инвестиция тартылып, 150 жобаны іске асыру арқылы 2 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

М.Әйтеновтің айтуынша, Шымкент бизнес жүргізуге қолайлы қалаға айналып келеді. Мәселен, 2018 жылы белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мың болса, бүгінде бұл көрсеткіш 140 мыңнан асқан.

shymkent-5-jyl 1

– «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 17,9 млрд. теңге бөлініп, жыл басынан 3 176 жобаға 7,9 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Мемлекеттік бағдарламадан бөлек, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында 1,4 млрд. теңге бөлініп, жыл басынан 153 жобаға 412 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. Бұл ретте, жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1 пайыздық мөлшермен 10 млн. теңгеге дейін несиелендіру қаралған. Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге өндіріске бағытталған жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған, атап айтқанда 2 пайыздық мөлшермен 50 млн. теңгеге дейін несиелер алуға болады.–деді қала әкімі.

Сондай-ақ брифинг барысында өнеркәсіптік парктерде үш жыл ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын кәспорындардың жалдау ақысының шығындары - 1-ші жыл 75 пайыз, 2-ші жыл 50 пайыз, 3-ші жыл 25 пайыз үлеспен өтелетіндігін атап өтті. Бүгінде «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 33 мыңға жуық кәсіпкерге, жыл басынан 5 мыңға жуық кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға қолдау көрсетілген.

Сонымен қатар Мұрат Әйтенов Шымкент қаласындағы инфрақұрылымды дамыту, құрылыс, халықты жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, цифрландыру және өзге де салалар мен бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы жан-жақты баяндап өтті.

Өз кезегінде журналистер қауымы қала әкіміне өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оған толық жауап алды.

5 жылда шаһар экономикасына 2 триллион теңге инвестиция тартылды

Қазақстанда 400 мыңнан астам адам қант диабетімен сырқаттанған болса, соның ішінде 40 мыңдай науқас күнделікті түрде инсулин қабылдауға мәжбүр. Мемлекет мұндай адамдарды арнайы диспансерлік есепке алып, күнделікті салынатын инсулин мен оның шприцтерін тегін береді. Сол себепті еліміз 2021 жылға дейін жылына 15 миллион дана инсулинді шрпицті шет елдерден импорттап келген болатын.

706

Үшінші мегаполисте мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» турнирі мәресіне жетті. Осымен үшінші рет ұйымдастырылған жарыста шымкенттік оқушылар спорттың 4 түрі бойынша, атап айтқанда, футбол, баскетбол, волейбол және шахматтан өзара бақ сынасып, үздіктерді анықтады.

200

SEIDEHAN

Сейдехан ӘЛІБЕК, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Сейдехан Нұрмаханұлы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік және өңірлік комиссиялардың жұмысы неліктен маңызды?

–Өткен ғасырдың жиырмасыншы-елуінші жылдарының аралығы – қазақ тарихындағы ең ауыр кезеңі екені белгілі. Кеңестік-тоталитарлық биліктің қазақ халқына ұйымдастырған геноцидінің салдарынан ұлтымыз жойылып кетуге шақ қалды. Кулактар мен байларды тап ретінде жою саясатын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған байлар мен орта шаруаларды тәркілеу, оларды күштеп жер аудару халықтың атамекенін тастап ауа көшуіне әкеп соқтырды. Оның соңы жаппай ашаршылыққа ұласты. Оған қоса дін қызметкерлері, қазақтың өнерлі, білімді, оқыған азаматтары, зиялы қауым өкілдері мен саяси қайраткерлері «халық жауы» атанып, жаппай қуғын-сүргінге ұшырады, жер аударылып, ату жазасына кесілді. Осының бәрі ұлттық генофондымызға орасан зор зиянын тигізді, санымызды кемітіп, санамызды тұмандандырып, рухымызды жасытты. Мұның өзі ұлт ретіндегі тарихи дамуымыздың сабақтастығын үзіп, тарих сахнасынан түсіріп тастай жаздады.

Міне, сол қасіретті кезеңді толықтай зерттеп білу, қуғындалған, құрбан болған азаматтарды түгел анықтап, оларды толықтай ақтау және сол кезеңде орын алған нәубеттерге тарихи, құқықтық және саяси баға беру – бүгінгі отандық тарих ғылымының, тіпті, тұтас қазақ халқының алдында тұрған зор міндет.

Иә, бұл қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыс Сталин өмірден өткеннен кейін өткен ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдарындағы жылымық кезеңінде басталып, сексенінші жылдардың екінші жартысындағы қайта құру кезінде там-тұмдап жүрді. Ал, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл бағытта өте ауқымды жұмыс жүрген болатын. Алайда, ұлттық деңгейде танылған саяси қайраткерлер, ұлт зиялылары ақталғанымен, олардың күрес жолы және артында қалдырған мұрасы толық зерттеліп біткен жоқ. Оған қоса сол кезеңде қуғындалған, құрбан болған мыңдаған қарапайым адамдардың есімдері белгісіз күйінде қалып, олардың құжаттары архивтерде ғана сақтаулы тұрған болатын. Міне, осындай азаматтардың ешқайсысы тарихқа белгісіз болып қалмауы тиіс. Оларға қатысты істерді жан-жақты зерттеп, толық ақтау – тарихи әділеттіліктің орнауы. Міне, сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылы құрылған мемлекеттік комиссияның қызметі ұлт тарихын тану тұрғысынан ерекше маңызға ие.

Сіздің зерттеу бағытыңыз «1939-1945 жылдары фашистік Германия, Финляндия және басқа да Еуропа елдерінде қамауға алынған қазақстандық әскери тұтқындарды, сондай-ақ, «Түркістан легионында» уақытша болған қазақстандық әскер тұтқындарды ақтау бойынша зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау» екен. Бұл тақырып несімен өзекті, неліктен осы тақырыпты таңдап алдыңыз?

–Әскери тұтқындар мәселесі саяси қуғын-сүргінге қатысты әртүрлі бағыттар бойынша жүргізілген зерттеулердің тасасында қалып, көп айтылмайтын, көп қозғала бермейтін тақырыптардың бірі. Себебі, бұл тақырып өзге елдермен де байланысты болғандықтан оны зерттеу біршама күрделі, әрі өзіндік қиындықтары бар. Оның үстіне «Түркістан легионына» байланысты қоғамда екіұшты көзқарастар кездеседі. «Олар өз Отанына қарсы соғысты» деген пікірлер айтылып қалады. Дегенмен, тұтқынға түсіп, кейіннен азат етілген жауынгерлерге сол кезде кеңестік билік күдікпен қарағанымен, олардың басым көпшілігі сатқындық жасамаған. Әскери дайындығының жоқтығынан, қоршауда қалып немесе жарақатының салдарынан тұтқынға түскендер көп. Тіпті, майдан даласында адасып кетіп, жау тылына өтіп кеткендер де кездеседі. Мәжбүрліктен тұтқынға түскеніне қарамастан ол адамдар соғыстан кейін тергеуге алынып, көпшілігі сотталған. Бұл адамдар да сол қасіретті жылдардың құрбандары, олар да тоталитарлық биліктің қуғын-сүргініне ұшыраған. Сондықтан бұл азаматтарды да толықтай ақтау керек.

Зерттеу жұмыстарыңыздың нәтижесі қандай? Соғыста тұтқын болып, елге оралған соң сол үшін істі болған жерлестеріміздің санын, олардың аты-жөнін білеміз бе?

–Президент Жарлығы шыққаннан кейін біз комиссия мүшесі ретінде бұрынғы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің архивіне кіруге рұқсат алдық. Бұған дейін құпия болып келе жатқан құжаттармен таныстық. Атап айтқанда, Шымкент қаласы және оңтүстік өңірі бойынша саяси-қуғын сүргінге ұшыраған 17 231 адамның құжаттары сол архивте сақталған. Соның ішінде 8 504-і соғыс жылдарында тұтқынға түскен адамдардың құжаттары екен. Оның 8 248-і фильтрациядан өткен адамдар. Яғни, КСРО-ның қауіпсіздік органдары бұл адамдарға күдікпен қарап, тергеп-тексеруге алған. Бұл адамдар сотталмағанымен олар өмір бойы аңдуда, бақылауда болған. Қалған 356 адам сотталған. Бұлардың 100-ден астамы «Түркістан легионының» құрамында болған адамдар. Сотталғандардың біразы КСРО қылмыстық кодексінің әйгілі 58-ші бабы бойынша «Отанына опасыздық жасады» деген баппен айыпталып, ату жазасына кесілген.

Біз әскери тұтқындарға қатысты архивтік құжаттарымен танысып, зерделеп, қорытынды жасадық. Арасында әлі күнге ресми түрде құқықтық тұрғыда ақталмаған адамдардың бар екенін анықтадық. Бұл құжаттардың бәрін ғылыми айналымға енгізіп, оларды толық ақтау жөнінде ұсыныс әзірлейміз.

Бұрынғы КГБ-ның құпия архиві осыған дейін Шымкент қалалық полиция департаментінің ғимаратында орналасқан еді. Бірақ, біз жұмысты бастағаннан кейін көп ұзамай барлық өңірдегі құжаттарды бір жерге жинақтау туралы шешім қабылданды. Бірінші болып Шымкенттегі архивті Алматы қаласындағы Президент архивіне әкетіп қалды. Бұл біздің зерттеу жұмыстарымызға біршама қиындықтар туғызып отыр. Соған қарамастан біз жоғарыда айтылған 8 504 тұтқынның 4 мыңнан астамының құжаттарын зерделеп, материалдар дайындадық. Мемлекеттік комиссия жұмысының материалдары арнайы сериямен кітап болып жарияланып жатыр. Осы күнге дейін 33 том материалдар жарыққа шықты. Жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Біз биыл Шымкент қаласы мен оңтүстік өңірден шыққан әскери тұтқындарға арнап, сол серияның бір томын кітап етіп жарыққа шығарамыз.

Бұл біздің тағдыры тәлкекке түсіп, Отанын қорғау үшін соғысқа аттанып, ол жақта амалсыздан тұтқынға түскен, жау қолында азап шеккені аздай елге оралған соң күдікке ілініп, сотталған аталарымыздың рухының алдындағы перзенттік парызды өтеуіміз болмақ.

–Әңгімеңізге рахмет!

 

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІV сессиясы өтті. «Татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі» деген тақырыппен ұйымдастырылған басқосуға Шымкент қаласының әкімі, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Мұрат Әйтенов қатысты.

103

Шымкент қаласында халықаралық отбасы күні мерекесіне орай «Отбасым – Отанымның тірегі» атты форум өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, отбасы құндылықтарының маңызы жайлы ойымен бөлісті.

95

Страница 6 из 41