Версия для печати

ҰҚШҰ – егемендікке нұқсан келтіретін емес, қауіпсіздікті нығайтатын ұйым Избранное

Пятница, 21 Январь 2022 04:33 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5681 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Осы күндері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлік күштері Қазақстан аумағынан шығарылып жатыр. Сөйтіп «бұл әрекет еліміздің егемендігіне нұқсан келтіреді» деген пікір жаңсақ екенін көріп отырмыз. Есесіне, Қазақстанға қарсы жасалған террористік шабуылдарға дер кезінде тойтарыс берілді. Елдегі саяси тұрақтылық пен тыныштық және конституциялық заңдылық қалпына келтіріліп, республиканың аумақтық тұтастығын сақтап қалдық.

971

 

Осы орайда, ҰҚШҰ-ның тарихына шолу жасап, оның қазіргі мүмкіндіктері мен еліміз үшін тиімді тұстарын саралап көруді жөн санап отырмыз.
Иә, әрбір мемлекет үшін ұлттық қауіпсіздіктен маңызды мәселе жоқ екені аян. Ал, оны қамтамасыз етудің негізгі жолы – қарулы күштердің жауынгерлік дайындығы мен ұрыс қабілетін арттыру. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап өз армиясын күшейтуге әрдайым ерекше назар аударып келеді. Соның нәтижесінде бүгінде Орта Азия, тіпті ТМД елдері арасындағы (әрине, Ресейді есепке алмағанда) ең қуатты армиялардың бірі елімізге тиесілі. Мұны Қазақстанның қорғаныс бюджеті мен қарулану деңгейінен және отандық әскери өнеркәсіп кешенінің біртіндеп орнықты дамып келе жатқанынан да байқауға болады.
Сонымен, Қазақстанның қорғаныс саласына бөлген қаржысы өткен жылы 2 миллиард АҚШ долларынан асты. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұл көрсеткіш Өзбекстанда 750 млн. ал, Беларусияда 580 млн. АҚШ долларын құрайды.
Мамандардың айтуынша, Қазақстанның қазіргі қорғаныс бюджеті еліміздің экономикалық мүмкіндіктерінің шегі емес. Өйткені, қазір армияға жұмсалатын қаржы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 1 пайызынан сәл ғана асады. Мәселен, Украинада 2021 жылғы әскери шығындар ЖІӨ-нің 7 пайызына жуықтап, 10 млрд АҚШ долларын құрады. Яғни, геосаяси жағдай ушығып, әскерді күшейтуге шұғыл қажеттілік туындаған жағдайда Қазақстан да армияға бөлінетін қаржының көлемін еселеп арттыра алады деген сөз.
Әскердің нақты саны мемлекеттік құпия болып саналғанымен, әртүрлі деректер бойынша Қазақстанда ол 70 мыңнан 110 мың адамға дейінгі аралықта.
Еліміздің әуе қорғаныс күштері заманауи әскери техникамен жабдықталған. Оған дәлел ретінде 4++ санатындағы Су-30СМ заманауи жойғыш ұшақтарын, өз санатындағы ең таңдаулы С-295 әскери-көліктік және оқу-жаттығуға арналған Zlin ұшақтарын, ЕС-145, Ми-171Ш тікұшақтарын, Ми-35М әскери-көліктік тікұшақтарын айтуға болады. Әуе кеңістігі шекараларын қорғау үшін С-300ПС зениттік-ракеталық және отандық «Нұр» радиотехникалық кешендері орнатылған. Әрине, бұл қаруды әйгілі С-400-бен салыстыруға келмейтін шығар. Алайда, дамушы елдердің көпшілігі үшін С-300 кешендеріне қол жеткізудің өзі арман күйінде қалып отыр.
Оған қоса Қазақстанда «Арлан», «Алан», «Номад» және «Боран» брондалған көліктері мен бронетраспортерлері өндіріледі. Оған қоса елімізде «Нұр» радиотехникалық кешендері, Еврокоптер ЕС-145 пен Ми-171Ш әскери тікұшақтары да жасалуда. Сондай-ақ, еліміздегі зауыттарда ескірген т-72 танктері модернизацияланып, оның базасында заман талабына сай қайта жасақталған т-72 KZ және т-72 KZ «Шығыс» атты танктер шығарылуда. Қала берді өз елімізде «Сардар», «Сарыарқа» атты әскери кемелер жасалып, олар еліміздің теңіз шекараларын күзетіп келеді.
Бір ауыз сөзбен айтқанда, Қазақстанның өзіне лайықты, ұрыс қабілеті жоғары армиясы мен тұрақты дамуға бет алған әскери өнеркәсіп кешені бар. Дегенмен...
Территориясы бойынша әлемде 9-шы орында тұрған Қазақстанның халық саны бойынша бар-жоғы 64-ші, ал, экономикасы бойынша 51-ші орында тұрғанын ұмытпауымыз керек. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13 400 шақырымға жуық екенін, қала берді, әлемдегі негізгі 3 әскери державаның екеуімен көрші орналасқанымызды ескерген жөн. Оған Қазақстанның оңтүстігінде Ауғанстан, шығысында Шығыс Түркістан және батысында Таулы Қарабақ секілді ықтимал қақтығыс ошақтарының бар екенін қоссаңыз, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы міндеттердің барынша ауқымды әрі күрделі екенін түсінер едіңіз. Мұндайда күшті әрі сенімді одақтастарыңның болуы – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде үлкен басымдық беретіні талассыз.
Осының барлығын есепке алған Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ТМД елдерімен саяси-экономикалық қана емес, әскери ынтымақтастық орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, 1992 жылғы 15 мамырда Ташкент қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылды. Сол шарттың негізінде 2002 жылы қауіпсіздік саласындағы халықаралық өңірлік ұйым құрылды. Бүгінде оған 6 мемлекет, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше.
ҰҚШҰ негізгі мақсаты – бейбітшілік, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін ұжымдық негізде қорғау. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың ең маңызды тұсы – оның 4-ші тармағы. Бұл тармақта ҰҚШҰ-ның бір мүшесіне қарсы көрсетілген агрессия оның барлық мүшелеріне қарсы көрсетілген агрессия ретінде бағаланатыны, сәйкесінше, мұндай жағдайда барлық мүше мемлекеттер бірлесе отырып қорғанатыны жазылған.
2009 жылы ҰҚШҰ-ның жедел әрекет ететін ұжымдық күштерін жасақтау жөнінде келісім жасалған. Оған қоса соңғы жылдары бұл ұйым халықаралық терроризм мен киберқауіпсіздік және заңсыз миграция мәселелерін бірлесіп шешуге күш салып келеді.
Иә, кейбір сарапшылар бұл ұйымды НАТО-мен салыстырып, оның күші мен болашағына күмән келтіргісі келеді. Олардың алға тартатын негізгі аргументі – ұйым мүшелерінің арасындағы теңсіздік. Яғни, Ресейдің әскери күшінің өзге мүшелерге қарағанда орасан зор басым болуы. Бірақ, осыған ұқсас жағдай НАТО-да да орын алып отырғанын естен шығаруға болмайды. Айталық, НАТО-ның 2021 жылғы ортақ шығындары 1,86 млрд. теңге болса, соның 50 пайыздан астамы АҚШ-тың мойнында жатыр.
Тағы бір айта кетерлігі, кезінде Қырғызстан билігі бітімгерлік күштерді шақырған кезде ҰҚШҰ сол кездегі жанжалдың этносаралық сипатқа ие екенін, сол себепті бұл Қырғыз елінің ішкі мәселесі екенін алға тартып ресми Бішкекке әскери көмек беруден бас тартты. Яғни, бұл мүше мемлекеттердің ішкі ісіне беталды араласа беретін ұйым емес. Қазақстанда болған жағдай ішкі жанжал емес, мемлекетке қарсы ұйымдастырылған агрессия болғандықтан, қарапайым халықтың қауіпсіздігіне қатер төнгендіктен ғана көмекке келді.
Айтпақшы, әскери блокқа мүше болу егемендігімізге нұқсан келтіреді деген әңгімені жоққа шығаратын тағы бір мәселе бар. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт 5 жыл мерзімге қол қойылады. Егер саяси жағдай күрт өзгерсе немесе ұйымның өзге мүшелері ұлттық мүддемізге қайшы келетін әрекет етсе, Қазақстан бұл ұйымнан кез келген уақытта шығып кете алады немесе шарттың мерзімін ұзартудан бас тартуына да болады.