Версия для печати

Олардың әр күні – ерлік Избранное

Пятница, 25 Сентябрь 2020 04:36 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3278 раз
Оцените материал
(0 голосов)

фото6

Төтенше жағдай қызметі өкілдерінде биыл қос қуаныш. Бірі – 2020 жылы аталмыш қызметтің тәуелсіз Қазақстан тарихында құрылғанына 25 жыл толды. Екіншісі – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес елімізде төтенше жағдай қызметі өз алдына дербес министрлік болып қайтадан
құрылды.

Жалпы осы салада еңбек етіп жүргендердің ішінде құтқарушылардың қызметі ерекше. Олардың жұмысы әрдайым қауіп-қатерге толы. Жауапкершілігі зор, қиын да күрделі мамандықтың иелері деп осы құтқарушылар аталса керек. Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары әрі жедел құтқару жасағының басшысы Орынбасар
Төртбаев құтқарушы болу оңай емес екенін білсе де өз мамандығын жүрек қалауымен таңдаған. Президенттің пәрменімен төтенше жағдай қызметінің жеке министрлікке бағынатыны туралы хабарды ол да ерекше қуанышпен қарсы алды.
Маманның айтуынша бүгінгі таңда ұжымда 94 құтқарушы жұмыс істейді. 4 кинолог, 3 дәрігер, 2 психолог бар. Дәрігерлер Тоғыс, Шардара және Шымкенттегі құтқарушылар жасағына медициналық қызмет көрсетеді. Яғни күнделікті олардың қан қысымын, дене қызуын өлшеп, денсаулықтарын бақылайды. Ал психологтар түрлі қайғылы жағдайлардың куәсі болған құтқарушыларға психологиялық көмек береді. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметінде 5 адамнан құралған сүңгуір бөлімі бар.
– Биыл жыл басынан бері 471 шақыртуға шықтық. 140 адамды құтқардық. Оның 79-ы - бала. Соның ішінде суға батып бара жатқан 1 адамды құтқарып қалдық. Мекемеге қарасты 18 техника, 29 жүзу құралын пайдаланамыз. Өкінішке қарай, соңы қайғымен аяқталған жағдайлар да болып тұрады. Біздің жігіттер қолдан келгенше құтқару амалдарын жасайды. Бірақ адамдар кейде өмірге үлкен қауіп төндірген апаттарға ұшырап жатады. Осындай өкінішпен біткен оқиғалардың салдарынан биыл 56 адам опат болды. Олардың 11-і – балалар. Жыл басынан бері диспетчер пультіне 308 апатты-құтқару шақыртуы келіп түсті. Нәтижесінде 128 адамға көмек көрсеттік. Солардың ішінде 76 бала бар, – дейді Орынбасар Құлманбетұлы.
– Әсіресе, су астында құтқару жұмыстарын жүргізу қиын. Өзеннің қатты ағысы, түбінің көрінбеуі, астында жатқан әртүрлі заттар, судың салқындығы сүңгуірлерге көп кедергісін тигізеді. Бақсы-балгерлердің сәуегейлігі одан да зор кесір. Суға батқан адамның туыстарын тірі жүр деп үміттендіріп, құтқарушыларға іздестіру жұмыстарын атқаруға мұрша бергізбейді. Бізге 112 бірыңғай кезекшілік қызметі арқылы хабар келіп түседі. Дабыл қағылған сәтте санаулы минуттар ішінде құтқарушылар жасағы жолға шығады. Бұл жедел жәрдем, өрт сөндірушілер секілді бағыты айқындалған қызмет емес. Құтқарушылар қазір іштегі иесі бірнеше күн белгі бермеген немесе жас бала, өздігінен жүріп-тұра алмайтын науқас қалып қойған үйдің есігін бұзып ашса, сәлден соң жыланнан шошынған отбасын қауіптен құтқаруға асығады, – дейді құтқарушы маман.

 

фото3фото4


Құтқару қызметінің мамандары өздерін физикалық тұрғыдан жақсы ұстау үшін дене шынықтыру жаттығуларына көп көңіл бөледі. Дегенмен бұл салада еңбек ететіндер әскерилер, өрт сөндірушілер немесе құқық қорғаушылар секілді зейнеткерлікке ерте бастан шықпайды.
– Біздің жұмыс көп қимыл-әркетті, жылдамдықты қажет етеді. Жас келген сайын адамда ондай мүмкіншіліктердің азаятыны белгілі. Соған қарамастан құтқарушылардың зейнет демалысына шығатын уақыты 63 жаста қалып отыр. Дей тұрғанмен бұл мәселе қазір жоғары жақта қаралып жатқанға ұқсайды. Ендігі үміт – сонда, – дейді О.Төртбаев.
Құтқарушылар күн сайын ерлік істер жасайды. Алайда оны өздері жұртқа мақтан еткісі келмейді. Өйткені бұлар оны тиісті міндет деп қабылдайды. Ал сіз бен біз секілді қарапайым адамдарға құтқарушылардың әр еңбегі үлкен ерлікпен пара-пар. Біреу бір адамды кездейсоқ құтқарып қалса, бүгінгі күннің батыры деп марапатқа ұсынылады. Ал төтенше жағдай қызметінің мамандары әр күні осындай батырлық жасауда.
Сондай есте қаларлық оқиғаның бір-екеуіне тоқталсақ, мәселен, өткен айда тауға шығып жоғалып кеткен 5 адам құтқарылды. Өкінішке қарай, қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың кесірінен бір әйел сол оқиғада мұздан аяғы тайып кетіп, құзға құлап, мерт болды. Оның алдында тауға серуендеуге барған жас балалар құтқарылып, үйлеріне аман-есен оралды. Алайда мұнда да оқиға қайғылы жағдайсыз бітпеді. Қауіпсіздікті ұмытудың салдарынан бұл оқиғада бір бала опат болды.
Орынбасар Туртбаев– Осындай жағдайлар адамдарға сабақ болуы тиіс. Яғни дайындықсыз тауға шығуға болмайды. Ол үшін міндетті түрде төтенше жағдай қызметіне ескертіп қою қажет. Құтқарушылар олардың қайда жүргенін біліп отыруы керек. Және тауға серуендеуге барған кезде адамдармен бірге тәжірибелі жол көрсетушінің еріп жүргені жақсы. Ал шомылуда үлкендер балаларды қараусыз қалдырмауы қажет. Сондай-ақ, бәрімізге белгілі басты ереже – суға масаң күйде түсуге болмайды. Қайыққа мінгенде де құтқару жилетін кию керек. Көрсетілген мөлшерден артық зат тасымалдауға тыйым салынады. Себебі көп зат артудың салдарынан қайықтар орта жолға жеткенде аударылып кетуі мүмкін. Осындай қауіпсіздік шараларын сақтасақ, өміріміз де қауіпсіз болады, – дейді Орынбасар Құлманбетұлы.

Последнее изменение Пятница, 25 Сентябрь 2020 05:32