ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА ҚОРЖЫНДА
Среда, 17 Январь 2024 05:12Индонезияның Джакарта қаласында нысана көздеуден лицензиялық Азия чемпионаты өтуде. Бұл сында отандық спортшылар Олимпиада жолдамаларына ие болды.
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Среда, 17 Январь 2024 05:09Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар жетекшілерімен кездесті. Іс-шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев ашып, жүргізіп отырды.
ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Среда, 17 Январь 2024 04:58Шымкент қаласында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев атындағы жаңа мектептің лентасы қиылып, бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Жаңа білім нысанының салтанатты ашылу рәсіміне қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева, Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президенті Шатырхан Керімбеков, ардагерлер, белсенді азаматтар қатысты.
ЖОЛДАМА ҮШІН ЖАНТАЛАС
Пятница, 12 Январь 2024 05:03Франция астанасы Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына аз уақыт қалды. Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығына жоспарланған. Жолдама берер жарыстар өткен жылы басталған-тын. Азия ойындарында да бірқатар ел спортшылары лицензияға қол жеткізген. Қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық құрамасы спорттың 8 түрінен 17 жолдаманы (садақ ату, велошоссе, оқ ату, қазіргі бессайыс, грек-рим және еркін күрес, бокс, спорттық гимнастика) жеңіп алды. Ал Шымкент қаласы спортшыларының мүмкіндігі қандай? Кімдерге үміт артамыз?
ҚҰРЫЛЫСПЕН ТАНЫСТЫ
Среда, 10 Январь 2024 04:02ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Исабеков, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов Тұран шағынауданында салынып жатқан «Оқушылар сарайының» құрылыс жұмысымен танысты.
«АБАЙ ҒИБРАТНАМАСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Среда, 06 Декабрь 2023 04:33Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманының «Елім-ай» дастанының 300 жылдығына арналған «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен ғылыми-теориялық конференция өтті. Сонымен қатар, жиында филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимовтің «Абай ғибратнамасы» кітабының тұсауы кесілді.
Жеңісті жолды жалғайтын жампоз
Пятница, 01 Декабрь 2023 05:04Таяуда Венгрияның Будапешт қаласында каратэден әлем чемпионаты өткен-ді. Бұл сында отандық спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге иелік етті. Шымкент қаласының дарынды спортшыларының бірі Қайсар Алпысбай 60 келіде күміс жүлдеге ие болды. Жерлесіміз 2023 жылы жарқын жеңістерге қол жеткізді: 4 халықаралық турнирде, Азия чемпионаты және Азия ойындарында топ жарып, әлем чемпионатында жүлдегер атанды. Біз спортшының жеңісті сәттеріне және қаладағы каратэ спортының дамуына тоқталғанды жөн көрдік.
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТТІ
Пятница, 01 Декабрь 2023 04:52«Ордабасы» футбол орталығының жаңарған футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шарада Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов жаңа нысанның тұсауын кесіп, ізгі тілектерін жеткізді.