Шәкірттері шыңға шыққан бапкер
Среда, 13 Сентябрь 2023 04:352016 жыл. Сәуір айы. «Қошқар ата» өзенінің жағалауында бір топ балалар жаттығып жүр. Жас балуандар бір сағат өзенді айнала жүгіріп, бір сағат темір жақтауды жағалай шынықты. Жас шәкірттерді бұл орынға елге белгілі бапкер Жангелді Жұмабаев ертіп келген. Абаттанған бұлақтың тыныс-тіршілігімен танысу үшін барған біз жас балуандардың бапкермен жаттығу үстінен түстік. Бас-аяғы 15 спортшы. Бәрі де Шымкент қалалық №1 спорт мектебінің шәкірттері екен.
АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: ЖЕҢІСТІ ЖОЛ ЖАЛҒАСЫН ТАБУЫ ТИІС
Пятница, 08 Сентябрь 2023 04:31Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Жауапты сынға қатысатын еліміздің спортшылары анықталып қойды. ҚР делегациясы жылдың басты бәсекесіне 700-ден астам спортшыны үкілеп қоспақ. Еліміздің көк туын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшы Надежда Дубовицкая ұстап шығады. Дүбірлі сайысқа аттанатын Шымкент қаласы спортшылары да нақтыланды.
Шымкент жастарының ұсынысы қолдау тапқан жоба
Пятница, 01 Сентябрь 2023 04:45Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Конституция күніне арналған «IQ ZHASTAR» қалалық интеллектуалдық сайысы өтті. Аталған жобаға қаланың белсенді жастары, блогерлер, жас журналистер, жайдарманшылар, жас ғалымдар, оқу орнының үздіктері, мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар, кәсіпкерлерден құралған жалпы 16 команда қатысты.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов дарындылар сайысына қатысушыларға сәттілік тілеп, көпшілікті мемлекеттік мереке ҚР Конституциясы күнімен құттықтады.
– 16 тамыз күні қала әкімінің төрағалығымен жастар кеңесі өткен еді. Сол жиында жастар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Қала әкімі жастардың ұсынысын қолдау бойынша басқармаға тапсырма берді. Осыған орай жастардың зияткерлік әлеуетін арттыра отырып, жаңа орта табуға көмектесу мақсатында интеллектуалды сайыс жүзеге асып отыр. Бұл сайыс білімді, ізденімпаз, коммуникативті және тапқыр тұлғаларды дайындайтын, жастарды бір арнаға тоғыстыратын бірегей жоба. Баршаңызды келе жатқан Конституция күнімен құттықтай отырып, жоба қатысушыларына сәттілік тілеймін, – деді басқарма басшысы.
Интеллектуалды ойынға қатысушылар негізінен, Шымкент қаласының 14 пен 35 жас аралығындағы жастары. Атап айтқанда, жобада «Тұран», А.Асқаров командасы, «Ордабасы», Әуезов құрамасы, «Жалын», «Ақиқат», «Абадан» сынды командалар бақ сынады.
Зияткерлік ойында Шымкент қаласының жайдарманшыларынан құралған «Жайдарман» командасы жеңімпаз атанды. ОҚУ-дың Әуезов құрамасы екінші, А.Асқаров командасы үшінші орынды иеленді.Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Әбілхайыров жеңімпаздарды құттықтап, арнайы жүлделерді табыс етті.
«3-ЭНЕРГООРТАЛЫҚТЫҢ» ҚЫС МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАЛАЙ?
Пятница, 25 Август 2023 04:28Шаһардағы «3-Энергоорталық» АҚ-ның станция жабдықтарын жөндеу мақсатында бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы және қысқа дайындық жұмыстары бойынша арнайы баспасөз туры өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дархан Қайыңбердиев, қала мәслихатының депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты. Шымкент қаласының табиғи монополияларды реттеу департаменті қала әкімдігімен бірлесіп, 2022-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны бекіткен-тін.
Ақмарал ҚАЛДАРОВА, «Үш би» құрмет белгісінің иегері, ардагер судья: КОНСТИТУЦИЯҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУГЕ, ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУҒА ЖОЛ АШТЫ
Пятница, 25 Август 2023 04:26Сот саласында 30 жылдай судья лауазымын абыроймен атқарған шымкенттік ардагер Ақмарал Қалдарова қыркүйек айында жетпіс жасқа толады. 2010 жылы жергілікті судьялардың қатарында ең алғашқылардың бірі болып «Үш би» құрмет белгісінің иегері атанған. Бүгінде Шымкент қалалық сотының Құрметті тақтасында мәртебелі атақты иемденушілердің арасында бірінші болып тұр.
«Ұрпақтар сабақтастығы» деген осы болар. Ақмарал Бейсенқызы қалалық соттағы әріптестерімен тонның ішкі бауындай байланыста. Өзінің ізін басқан шәкірттеріне қолдау көрсетіп, жас мамандармен өмірлік тәжірибесін бөлісіп келеді. Жиырмаға жуық шәкірті – облыстың, қаланың, одан бөлек елімізге белгілі судьялар. Ардагер судья - шәкірттерімен мақтанады.
Сот жүйесінің майталманы қазіргі жас мамандар, судьялар әрдайым білімін жетілдіріп отыру керектігін айтады. Ата заңымызға 28 жыл толуына орай «Құрметті судьямен» әңгімелесіп, қазіргі сот жүйесінің дамуы, мәселелері жөнінде ойларын білдік.
Білімі күшті мыңды жығады
Среда, 23 Август 2023 07:12Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге 1 қыркүйектен өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Жазғы Азия ойындары: Кімдерге үміт артамыз?
Пятница, 18 Август 2023 05:21Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарына санаулы уақыт қалды. Төрт жылда бір өтетін жауапты сын 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығына жоспарланған. Ел спортшылары қызу дайындық үстінде. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары да бақ сынайды. Жерлестеріміздің дайындығы қалай? Кімдерге үміт артамыз?
Волейболдан «Базар жастар лигасы» сайысы өтуде
Пятница, 18 Август 2023 04:35Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Базар жастар лигасы» турнирінің қыздар арасында волейбол сайысы басталды. Бәсекеге қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бекітілген төрешілер алқасы, спорт түрлері бойынша 5 төреші тартылған.