ЕЛ БІРЛІГІ ЕҢБЕКТІ ЕСЕЛЕЙ ТҮСЕДІ
Среда, 17 Апрель 2024 05:01Елімізде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен су тасқынына ұшырамаған өңірлерде 8 сәуірден «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. «Мен әкімдердің бәріне бұл бір реттік науқан емес екенін ескерттім. Басқаша айтқанда, сенбілікке шығып, жұмыс істеген сыңай танытып, көзбояушылық жасауға болмайды. Көршілес елдердегі секілді бізге де Қазақстанды көгалдандыру, өңірлер мен қалалардың аумақтарын тазарту жұмыстарын үнемі жүргізу керек» деді Президент.
Бес аптаға созылатын экологиялық науқанның алғашқы аптасы – «Таза өлке» апталығы. Шымкентте осы акция аясында #TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»
Среда, 17 Апрель 2024 04:58Дәл осы нақылды шымкенттіктер берік ұстанған. Көктем шығып, күн қыза бастағаннан жер-жерде тал егіп, көшеттер отырғызылуда. Осындай игі іс жексенбіде 46 мектеп-лицейі маңында өтті.
Сырға толы Шымқала
Среда, 17 Апрель 2024 04:57Шымкент – күн сайын гүлденіп, түрленген шырайлы шаһар. Өңір халқы қонақжайлылығымен ғана ерекшеленбейді, әр гектарында өткен күннің белгісі бар. Тарихы, тамыры тереңге жайылған, мәдени мұраларға аса бай қала.
КЕНЕДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Среда, 17 Апрель 2024 04:56Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – бұл маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру. Аурудың өршуі ақпаннан қарашаға дейінгі кезеңде тіркеледі. Табиғаттағы КҚГҚ-ның негізгі тасымалдаушылары мен көзі әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, оны ұрпақтарына тарататын кенелер. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда ауру көбірек кездеседі.
ҒЫЛЫМ – ӨМІР ШЫРАҒЫ
Среда, 17 Апрель 2024 04:51М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні атап өтілді. Іс-шараға оқу орнының ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері қатысты. Оқу орнының Басқарма төрағасы – ректор м.у.а Қайрат Нұрманбетов салтанатты шараны ашып, ғалымдарды мерекемен құттықтады.
ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНЕН БАСТАЛАДЫ
Среда, 17 Апрель 2024 04:49Шымкентте «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастырумен қонақ үй бизнесі әкімшілеріне арналған оқыту семинары басталды. Семинарда мейманхана индустриясында табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдылар үйретілмек.
ШЫМКЕНТ: МӘДЕНИ-ТАРИХИ КЕШЕНДЕР ДЕ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ
Пятница, 12 Апрель 2024 12:08«Таза өлке» экологиялық апталығы барысында Қаратау ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени орындардың тазалығы да назардан тыс қалмады. Қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, іргелес елді мекен тұрғындары аулаларды қоқыстан тазалауға, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына қатысты.
ШЫМКЕНТ: КЕШЕН АУМАҒЫН ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ
Пятница, 12 Апрель 2024 12:05«Таза өлке» апталығы аясында өтіп жатқан #TazaShym жалпықалалық шарасы Әл-Фараби ауданында орналасқан «Шымқала» тарихи-мәдени кешені аумағында жалғасты. Мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері, тарихшы, этнографтар тарихи-мәдени кешеннің аумағы, оның айналасындағы көшелер мен өткелдер, арық-атыздарды күл-қоқыстан тазартып, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, түптерін әктеу, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, шамдарды тазалау жұмыстарына қатысты.