Балаңыз кітап оқи ма?

Пятница, 21 Январь 2022 04:20

Бүгінде «Ертегілер елінде», «Бес ғасыр жырлайды», «Шешендік сөздер» сынды халық ауыз әдебиетінің інжу-маржандарымен сусындап, «Балдырған», «Ұлан», «Ақ желкен» сынды газет-журналдарды асыға күтетін балалар азайған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы кітап оқу мәселесінің маңыздылығын атап өткен-ді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «2021 жыл — Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялады. Ал, «2022 жыл — Балалар жылы» деп бекітілді. Мемлекет басшысының назарына іліккен мәселенің шешімі қандай? Сіздің балаңыз кітап оқи ма?

963

Шымкент қалалық №13 емханасында мегаполистің дін қызметкерлері ревакцинациядан өтіп жатыр. Жалпы Шымкент қаласында Қазақстан Мұсылмандарының Діни басқармасына 88 мешіт тіркелген.

960

КІМДЕР ОФЛАЙН ОҚИДЫ?

Среда, 19 Январь 2022 04:03

«Pfizer вакцинасының екі компонентін алған оқушылар ата-анасының рұқсатымен дәстүрлі форматта білім алуына болады. Бүгінгі таңда екпенің екі компонентін алған 5 мыңнан астам оқушы офлайн білім алып жатыр». Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының қашықтан оқыту процесімен танысу барысында мәлімдеді.

950

«Шымкент қаласы бойынша «Аshyq» қосымшасына тіркелген 9021 нысанның 7061-і аутсайдерлер қатарында. Ал, 17 нысан талаптардың орындалуы жағынан көш бастап тұр». Бұл туралы брифинг барысында Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары С.Адамбекова мәлімдеді.

945

Шымкентте коронавирус жұқтырған жүкті және босанған әйелдерді емдеуге арналған инфекциялық стационар ашылды. Жаңадан ашылған 100 орындық стационар №2 қалалық аурухана базасында құрылып отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры барысында белгілі болды. Тур барысында журналистер инфекциялық стационар мен вакцинация пунктінің жұмысымен танысты.

943

Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты дәрігерлер дабыл қағуда. Біршама уақыттан бері эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша жасыл аймақта жүрген Шымкент қаласы 11 қаңтарда «қызыл» аймаққа өтті. Ал, жыл басынан бері Алматы, Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларында COVID-19 вирусының «омикрон» штамы анықталып отыр.

921

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ҚР Парламент Мәжілісінің отырысында жаппай тәртіпсіздік кезінде қирған нысандар мен мүліктерді жедел қалпына келтіруді тапсырған болатын. Елімізде 4-5 қаңтар күні орын алған тәртіпсіздік салдарынан Шымкенттегі бірқатар мәдениет нысандарына да зақым келген. Әсіресе, қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан «Көрме» орталығы түгелдей өртеніп, «Түркістан» сарайы мен Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының терезелері сынған.

920

Қаңтардың 4-5 күндері орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде 120 азамат жарақат алып, жедел медициналық жәрдем қызметінің 7 көлігіне шабуыл жасалған. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

900

Страница 1 из 5