ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ БЕЙБІТ АТОММЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ
Пятница, 02 Август 2024 06:24Өткен жылы 1 қыркүйектегі Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынған болатын. Ал, биыл жыл басында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында АЭС салу мәселесіне байланысты кесімді пікірін айтты.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БУМ
Пятница, 19 Июль 2024 07:15немесе Шымкент елдегі ірі өнеркәсіптік орталыққа айналып келеді
Өткен аптада Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қытайлық «Guyi Holding Company» компаниясының өкілдерімен үш меморандумға қол қойды. Соның бірі – Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында электромобиль шығаратын зауыт салу жөніндегі келісім. Жоба ойдағыдай жүзеге асып жатса, бұл тек Шымкент қаласы үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін елеулі жаңалық болары анық.
ЯМАЛДАЙ БОЛМАЙ, НЕМЕНЕ, БАЛАЛЫҚТЫ ҚИСАҢЫЗ?!
Среда, 17 Июль 2024 06:02немесе
Адал азамат тәрбиелеу үшін адами қасиеттерді дәріптеуіміз керек
Сонымен төрткүл дүниенің назарын өзіне аударған EURO-2024 те мәресіне жетті. Германиядағы футбол тойы тек әдемі голдар, тартысты матчтар және сенсациялық нәтижелерімен ғана емес, жүрек көзімен қарай білген кісінің бойына рух бітіріп, көңіліне жылу ұялататын керемет сәттерімен де есте қалды. Көңілге жылу ұялатқан не десеңіз, ол — футболшылардың арасындағы қарапайым адами қарым-қатынас, қаншама жетістікке жетіп, миллиондаған доллар табыс тауып, әлемдік деңгейде жұлдыз атанып жатса да қарапайымдылығынан ажырамаған спортшылардың бірін-бірі қадірлей білуі.
Арал – адамзаттың ортақ проблемасы
Пятница, 12 Июль 2024 06:29Германияның Лейбниц пен Берлин Еркін университетінің ғалымдары Арал теңізіндегі экологиялық апаттың салдары жайлы жаңа деректерді жария етті. Бұрынғы Арал теңізінің орнында тропосфералық зерттеулер жүргізген неміс ғалымдары апат аймағынан көтерілген шаңды дауылдар бүкіл Орталық Азиядағы атмосфералық ауаның ластанып, оның сапасының нашарлауына ықпал етіп жатқанын мәлімдеген.
КӨБЕЮ ҰЛТТЫҚ САЯСАТҚА АЙНАЛУЫ ТИІС
Пятница, 03 Май 2024 05:30Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында демография мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Мемлекет басшысы «Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. ...Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты. Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар. Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану» деп атап өткен болатын.
ТАЗАЛЫҚ – АДАМНЫҢ КІСІЛІГІ МЕН ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШІ
Пятница, 12 Апрель 2024 04:58Көктем келіп, күннің шуағы жер бетіне таралып, табиғат та қайта түлеп, тіршілік атаулы жандана бастады. Көктем – жаңару мен жасарудың, сұлулық пен тазалықтың уақыты. Осы орайда елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр.
АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК – ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ НЕГІЗІ
Среда, 10 Апрель 2024 05:44немесе Сіздің жан дүниеңізді ешқандай сыртқы күш өзгерте алмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың наурыз айында өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында «Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды» деген болатын.
ӨСЕР ЕЛ ҰРПАҒЫНЫҢ ҚАМЫН ЖЕЙДІ
Пятница, 22 Декабрь 2023 05:30немесе
Ұлттық қордың қаржысына сеніп, бала тәрбиесін босаңсытып алмайық
«Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады» дейді дана халқымыз. Бұл – қазақ халқының алдағы күннен тек жақсылық күтетін, Жаратқан Иемізге тәуекел ете білетін, қанағатшыл болмысын айшықтап тұрған керемет сөз.