Версия для печати

«Automation ES» қондырғысы – ТМД нарығында Избранное

Среда, 10 Март 2021 04:20 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 29320 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Automation ES» ЖШС-і 2017 жылы құрылған. Оның негізін қалаушы жас кәсіпкер – Мыңжасар Жорабекұлы. Кәсіпкердің негізгі мамандығы – инженер. Зертханалық стенд жасаумен айналысатын кәсіпорын күні бүгінге дейін 80 түрлі сынамалы зертханалық қондырғы құрастырған.

205

 

– Кәсіп ашу жайлы ой инженерлік білімімді коммерциялық мақсатта пайдаланып, табысты болсам деген қарапайым идеядан туды. Сөйтіп достарыммен бірлесіп кәсіпорындардың электр щитін ақыға жинап беруге кірістік. Сол жерде техникалық мамандықта оқып, өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенттерді байқадық. Содан бұрын университте оқыған, үйренген тәжірибеге сүйеніп, зертханалық стенд жасап, қаладағы колледждің біріне ұсындық. Стендпен қалай жұмыс істеу қажеттігін ұстаздарға үйретіп, нәтижесінде арнаулы оқу орны тарапынан үлкен қызығушылық пайда болды. Осыдан кейін басқа да колледждерді аралап, өз өніміміздің презентациясын жасадық. Осылайша өнімге деген сұраныс артып, тапсырыстар көбейе түсті. Алғашында тендер бойынша сұранысты қанағаттандырып жүрдік. Келе-келе одан бас тартып, тек нақты тапсырыспен зертханалық стендтер жасауға көштік, – дейді Мыңжасар Жорабекұлы.
Кәсіпкер қарамағына білікті мамандарды топтастырған. Соның бірі – Руслан Жұмабаев, «Катко» фирмасында техникалық процесті басқару жүйесін автоматтандыру саласы бойынша инженер. Бұл Қазақстанда жоғары сұранысқа ие ең қажетті мамандықтардың бірі екен. Тағы бір әріптесі Ерұлан Жанасбаев да «Катко» компаниясында КиПиА бойынша инженер.
Бизнесті жүргізуге қаражат алғашында жеке капитал есебінен жұмсалған. Кейін келе «Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылы 3 миллион теңге грант ұтып алған. Грант қаржысын стендке қажетті бөлшектер сатып алуға жаратады. Зертханалық қондырғыларды құрастыруға техникаға әуесі бар жастар көмектеседі. Сол еңбегі үшін оларға тиісті еңбекақы төленеді. «Негізінде электрмонтажды үйреткенім үшін олар ма

206

ған ақы төлеу керек болса, менде керісінше. Өз елімнің патриоты болғандықтан ізімізді басып келе жатқан жастардың техникаға білікті, бәсекеге қабілетті болғанын қалаймын» дейді кәсіпкер.
Бүгінге дейін «Automation ES» 30-ға жуық білім беру және басқа да ұйымдарға арнап 80 жобаны жүзеге асырған. Яғни автоматизация және басқару, электрмонтаж, микропроцессорлық техника, робототехника, автомобиль, электромеханика, электротехника, электроэнергетика, ақпараттық технологиялар мен коммуникациялық желілер және стенд-тренажер салалары бойынша 80 түрлі сынамалы қондырғылар құрастырып, жоғарыда аталған ұйымдарды осы стендтермен жабдықтаған.
«Automation ES» өнімдері арнайы цехта жасалады. Микросхемаларды да өздері аппарат арқылы қолдан істейді. Дайын өнімнің 70-80 пайызға жуығы қазақстандық бөлшектерден тұрса, қалғаны шетелден әкелінеді.
Зертханалық қондырғылармен жоғары және арнаулы оқу орнының студенттері жұмыс істейтіндіктен өнімнің сапасына және қауіпсіздігіне мән беріледі. Стенд құрастырылып болған соң сапасы білікті мамандар тарапынан жіті тексеріледі. Заманауи зертханалық қондырғылар өзімізден бөлек шетелдік ұйымдардың да аса жоғары қызығушылығын тудырған. Сондықтан Өзбекстандағы Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті осындай 8 стендке тапсырыс берген. Сонымен бірге Тәжікстан елімен де отандық өнімді сатып алу бойынша компания тарапынан келіссөздер жүргізілуде. Және де БҰҰ-ның Қазақстандағы даму жобасы ұйымына, Кентау трансформатор зауытына және М.Әуезов атындағы ОҚУ-ға да «Automation ES» қондырғылары қойылды. Шымкентте өндірілген зертханалық стендтер колледждер арасында өткізілетін халықаралық World Skills Kazakhstan көрме байқауында төрт жыл қатарынан жүлделі орындар алып келеді.
– Дәл қазір еліміздегі холдингтік компанияның бірімен келіссөз жасап, ойға алған жоспарларымызды іске асыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы зертханалық стенд электрмонтаждау, басқару жүйесін автоматизациялау, электротехника, робототехника және микропроцессорлық құрылғыларды қолдану кезінде тәжірибелік сынамаларды жүргізуге арналған. Мәселен, трансформатордың қалай жұмыс істейтінін, оның ішкі техникалық құрылымдарын осы зертханалық стенд арқылы үйреніп, білуге болады. Осының арқасында техникалық колледж студенттері ертең трансформатор зауытына жұмысқа алынғанда қондырғының жұмыс принциптерін, монтаждаудың қалай орындалатынын біліп тұрады. Келешектегі жоспарымыз – өндіріс орындары мен колледж, университеттердің арасындағы байланысты нығайту. Зертханалық стенд бұл оқытудағы дуальді жүйенің заманауи дамыған түрі десе болады. Өйткені студент ары-бері шапқыламай-ақ оқу орнының базасында зертханалық стенд арқылы кәсіпорындағы қондырғылардың техникалық қыр-сырын оқып, үйренеді. Сонымен бірге алдағы уақытта өнімдеріміздің технологиялық процесін компьютерлендіруді қолға алмақпыз, – деді
Мыңжасар Жорабекұлы.