Версия для печати

Көлік құжаттарын үйге алдыруға болады

Вторник, 16 Февраль 2021 08:10 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 18749 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент тұрғындары енді қайта тіркелген көлік нөмірі мен техқұжатын үйге алдыруға болады. Ол үшін мамандандырылған ХҚО-ға жүгінуге міндетті емес. «Азаматтарға арналған үкіметтің» курьерлері көліктің құжаттарын өтініште көрсетілген мекенжайға жеткізіп береді.

Биылғы қаңтар айында Шымкентте 30-ға жуық мемлекеттік нөмір мен тіркеу куәлігі тұрғындардың үйлеріне жеткізілді. Қызмет іске қосылған 2020 жылы бұл қызметті 90 тұрғын қолданған.

tson

«Өтінімді рәсімдеу үшін «Электронды үкімет» порталындағы «Көлік және коммуникациялар» қызметінің «Автомобиль көлігі» бөлімінде «МТНБ және КҚТК-ны үйге жеткізу» қызметін белгілейсіз, содан кейін авторизациядан өтіп, тапсырыс беру қажет. Жаңа және алынатын МТНБ, КҚТК, мамандандырылған ХҚО атауы мен мекенжайын көрсете отырып, өтінімде көрсетілген барлық қажет ақпаратты толтыру шарт. Қызметке баж салығын төлеп, ЭЦҚ арқылы немесе бір реттік смс-пароль арқылы тіркелу керек», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ Шымкент қалалық филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Үйге жеткізу қызметінің бағасы – 2240 теңге. Оны тек жеке тұлғалар пайдалана алады, қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні.

Еске сала кетейік, нөмір белгісін таңдап, автокөлікті есепке қойып, мемлекеттік нөмір мен куәлікті үйге жеткізуді eGov.kz арқылы онлайн ресімдеуге болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.