Версия для печати

Алдағы бесжылдықтың ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ БЕКІТІЛДІ Избранное

Пятница, 25 Декабрь 2020 04:02 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 7162 раз
Оцените материал
(0 голосов)

5f2efe36-cbbd-49bb-825d-4df96f3264e8

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жетпіс үшінші сессиясы онлайн режимде өтті. Жиында негізінен үш мәселе қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Алдымен Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту мәселесі қаралды.

Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мулкеманов жаңа бағдарлама 3 негізгі бағыттан тұратынын атап өтті. Жаңа форматта әзірленген бағдарлама 14 мақсат, 25 индикаторды қамтыған. Басқарма басшысының айтуынша, 2018-2020 жылдарға арналған бағдарлама аяқталып, оның орындалуы бойынша мәслихатта есеп берілді.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов екі жылда үлкен жұмыс атқарған депутаттар корпусына алғысын айтты.
– Қаланың әрі қарай даму бағытын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданды. Өздеріңізге белгілі, 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы
бойынша екі жылда көп іс атқарылды. Енді 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы жаңа форматта дайындалды.
Бағдарламаны әзірлеу барысында қала тұрғындарының талап-ұсыныстары да ескерілді. Тұрғындардың негізінен инфрақұрылымды дамыту, көгалдандыру, қоршаған ортаны жақсарту, денсаулық сақтау саласын дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша ұсыныстары бағдарламаға енгізіледі. Құжатты іске асыруға барлық ресурстар жұмылдырылады. Өздеріңізбен бірлесіп, жылды табысты аяқтап отырмыз, – деді қала әкімі.
Сондай-ақ, сессияда «2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы», «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» қала мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.