«Шымкент–Цирк» аренасы шаттыққа толды. Кеше «Шымкент–Цирк» санитарлық талаптарды сақтай отырып, ASHYQ қосымшасы арқылы өз жұмысын қайта бастады. Көрерменнің сұрауы, көпшіліктің қалауымен цирк аренасында «Family circus» қойылымы жүруде. Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі – франциялық «Cirque du Soleil» циркінің бағытында аңсыз өтуі. Қойылымда әртістер әуеде қалықтаса, акробаттар…

Жүрегі таза журналист

Среда, 22 Сентябрь 2021 03:28 Автор
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында форматы өзгеше кездесу өтті. Кездесудің бас кейіпкері — «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «Заңнама» республикалық қоғамдық-құқықтық заң газетінің бас редакторы Айгүл Мамыт.

88-ші белеске биіктеген театр

Среда, 15 Сентябрь 2021 04:27 Автор
Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театр ұжымы жазғы демалысын аяқтап, тамыздың тамылжыған алғашқы күндерінен бастап, жаңа маусымының шымылдығын жаңа леппен ашты. Жаңа маусымнан талабы биік көрерменнің жаңа қойылым күтетіні белгілі. Театр мен Қоғам үндестікте болуы табиғи заңдылық. Себебі, сахнадағы оқиға – қоғам айнасы…

Сәйгүлікке мініп жаттығып жүр

Пятница, 10 Сентябрь 2021 04:21 Автор
Шымкент «Цирк» мекемесінде «Жылқыға мініп жаттығу» шеберлік сағаты өтті. Оған қаладағы қосалқы мектеп-интернатының 15 оқушысы мен қызығушылық танытқан балалар және ата-аналар қатысты. Олар Шымкент-Цирк аумағында жаңадан ашылған ипподром алаңында жаттықты.

Жаңа маусымға - жаңа тыныспен

Пятница, 10 Сентябрь 2021 04:16 Автор
Күз – жаңалыққа толы мезгіл. Білім саласында жаңа оқу жылы басталып, балалар үлкен өмірге тағы бір қадам жасаса, мәдениет саласында театрлар шымылдығын түріп, ой салар, рухани бай дүниелерін ұсынып, көрермендерімен қауышады. Үшінші мегаполисте 6 театр бар. Олардың ішінде алғаш болып театр маусымын Шымкент қалалық қуыршақ…
Шымкент қалалық опера және балет театрының ұжымы елордадан гастрольдік сапардан оралды. Өнерпаздарды қалалық әуежайдан Ханзада Есенова бастаған мәдениет басқармасының басшылары күтіп алды. Театр жетекшілерінің айтуынша, еліміздің бас қаласына жасалған сапар жемісті өткен.
Шымкент қалалық опера және балет театрының ұжымы гастрольдік сапарға аттанды. Үшінші мегаполис өнерпаздары Нұр-Сұлтан қаласында «Домалақ ана» операсын сахналамақ. Жерлестерімізді сапарға шығарып салуға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және қалалық мәдениет басқармасының басшылары қатысты. Кездесуде Шыңғыс Жұмабекұлы қаламызда мәдениет саласына баса назар аударылып…

Кітаптарды «сөйлетті»

Среда, 25 Август 2021 06:32 Автор
Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастамасымен тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Зағиптарға кітап сыйла» акциясы басталды. Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының дыбыс жазу бөліміне қаладағы 4 театрдың актерлері мен белгілі өнер иелері науқанға үлес қосуға жиналды.Олардың ішінде…
Шымкент қалалық Әл-Фараби ғылыми-әмбебап кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеологиялық платформа ретінде» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Өңірлік жоба өкілдеріне арналған семинар «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕ АҚ «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл облысынан кейін үшінші мегаполисте жалғасуда. Интерактивті форматта өткен тренингті «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы…

Дәстүрім – асыл қазынам

Пятница, 20 Август 2021 06:03 Автор
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Дәстүрім – асыл қазынам» жобасын ұсынады. Мақсат – ұмыт қалған ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді ұлықтау. Әлеуметтік маңызы зор жобаның алғашқы тақырыбы «Ерулік беру» дәстүріне арналады. Ерулік – қазақтың кеңпейілділігін, жомарттығын, қонақжайлығын паш ететін ғұрыптың бірі.  Жаңа қонысқа…