Осыдан 95 жыл бұрын ашылған Шымкент орыс драма театрының тағдыры оңай болған жоқ. Бірнеше рет жабылып, халық қажет еткен соң қайта ашылып жатты. Ал, қазір театр Игорь Вербицкийдің басшылығымен қалыптасудың жоғары деңгейіне көтерілгендей. Өйткені мұнда премьера күндері – аншлаг! Әсіресе, репертуардағы балалар қойылымдарына кей-кейде билет…
Шымкентте тұңғыш рет ұйымдастырылған «Театр көктемі-2024» қалалық кәсіби театрлар фестивалі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған фестиваль аясында қаладағы театрлар көрермендерге түрлі қойылымдар ұсынып, зор қошеметке ие болды.
Шымкентте «Театр көктемі - 2024» І қалалық кәсіби театрлар фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Мегаполистің алғашқы театр фестиваліне театртанушы, әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова бастаған қазылар алқасы төрелік етуде. Іс-шараның алғашқы күні Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Жұмат Шаниннің ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Іс-шараға қала…
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген халық нақылы бекер айтылмаса керек. Елі үшін еңбек етіп, ғибратты ғұмыр кешкен Өзбекәлі Жәнібеков шынында да қазақ елі аман-сау тұрғанда арымайтын, уақыт жылжып, ғасыр өткен сайын елінің дара азаматы болып қала беретін ұлтымыздың ұйытқысы екені хақ.
Қолына қалам ұстап, ой тербеп, ұлтқа қызмет еткен қаламгерлердің еңбегі лайықты бағаланса ғой. Әдебиет үшін өмірін арнап, әлі құрығанша күрескен жансебіл қаламгердің еңбегі — сол ұлттың алтын діңгегі. Сәрсен Бек Сахабат солардың бірі де бірегейі.
Шымкенттегі кітапхана басшылары, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар «Бір қала – бір кітап» акциясы аясында биыл жыл бойы шығармашылығы насихатталатын ақын-жазушыларды таңдаған болатын. Проза жанры бойынша Мархабат Байғұт пен Шойбек Орынбай, поэзия жанрына Қаныбек Сарыбаев пен Әбілда Аймақ таңдалған. Осыған орай Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында…
Шымкентте Наурыз мерекесін тойлау онкүндігі аясында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аталып өтті. Қала тұрғындары «Наурыз» алаңында салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды дәріптеуге арналған «Шуақ шашқан әз-Наурыз» іс-шарасын тамашалады.
Шымкенттік Өмірзақ Дінмұхаммед пен Аяулым Бекбосынның бас қосып, шаңырақ құрып жатқан күндері Наурызнаманың дәл осы күніне тура келіп, некелерін қиды. Өздері мұны жақсы ырымға балап отыр.
Ұлттық киім күніне орай Шымкентте Көрме орталығында сән көрсетілімі өтіп, ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы ұйымдастырылды.
Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Дариға жүрек» және «Аққулар ұйықтағанда» атты екі поэмасының желісімен сахналанған поэтикалық толғаудың премьерасы өтті. Қойылымға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және зиялы қауым қатысты.