«Ақын-жазушыларға шығармашылық қолдау көрсету мәселесі жиі сөз болады. Біздің қоғамда ақындық пен жазушылық кәсіп емес. Бірақ, ол — сіздерге қонған дарын. Дарын сіздердің артықшылықтарыңыз». Жас қаламгерлермен кездескен Шымкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Мұқан осылай деді. Кездесуге жас ақындар Сүндет Сейітов, Салтанат Мадиярқызы, Арайлым Мұратәлиева…
Ширек ғасырға жуық тойланып келе жатқан Елорда күнін шымкенттіктер «Арбат» демалыс аймағында салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік іс-шара Шымкент қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Қаратау» қазақ халық аспаптар ансамблінің концерттік бағдарламасымен ашылды. Түркештің «Көңіл ашар», Құрманғазының «Балбырауын», Желдібайдың «Ерке сылқым» күйлері ұлттық аспаптардың күмбірлеген қоңыр…
«Биыл «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігін құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Аталмыш бірлестік жыл соңына дейін 10 пилоттық жобаны көрерменге ұсынуды жоспарлап отыр. Мен анимация саласында өзіндік орны бар шымкенттік жігіттердің жұмысымен таныспын. Сондықтан, сіздерді «Қазақ анимациямен» бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын». Бұл туралы Шымкент қаласына жұмыс…

ТЕАТРДА КЕЗЕКТІ МАУСЫМ ЖАБЫЛДЫ

Понедельник, 04 Июль 2022 04:48 Автор
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының 39-маусымының жабылуы салтанатты түрде өтті. Өнер ұжымы Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнап, Ақылбек Шаяхметтің «Ахмет» реквиемімен маусымның шымылдығын жапты.
Елімізде ұлттық домбыра күні биыл бесінші рет тойланбақ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.Абаев Шымкентке сапарында кейінгі жылдары республикада домбыра үйреніп жүргендер саны артқанын, 100 мың баланың ресми тіркелгенін тілге тиек еткен-ді. Әсте, қай кезде де күйші-жыршылар туралы қанша жазылып жүрсе де, домбыра шеберлерінің насихаты…
Адам өмірден өз орнын табуы үшін не маңызды деп ойлайсыз? Дәл осы сауалдың жауабын Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында премьерасы өткен Уильям Теннесидің «Бір күндік бақыт» психологиялық драмасынан таба аласыз.
Шымкентте тағы бір ілкімді жоба қолға алынды. Азаматтық Альянс қауымдастығына мүше бірқатар ҮЕҰ басшылары қалалық ішкі саясат басқармасымен бірге қала көшелерінің тарихынан сыр шертетін танымдық жобаны бастады.
Қаламыздың көрікті, мәдени орындарының бірі – Қызғалдақ субұрқағы маңында «Бибаттл» сайысы өтті. Жарыста мектеп оқушылары хип-хоп пен брейк-данс сияқты заманауи биден сайысқа түсті.
Жастар ресурстық орталығында «SHYMKENT NOMAD FILM FEST» қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің атынан жүрекжарды құттықтау тілегін жеткізген қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мұндай фестиваль мегаполис киноиндустриясын дамытып, жас таланттардың танылуына септігін тигізетінін жеткізді.
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде қазақтың арда азаматтарының есімі ұлықталды. Ел басқаруда өнегелі қолтаңбасы, өрелі ісі қалған Д.Қонаевтың 110 жылдығы мен А.Асқаровтың 100 жылдығына орай оқу ордасында арнайы бұрыш ашылды. Іс-шара «Ауыл» ХДПП Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалы мен білім ордасының бастамасымен ұйымдастырылған.