«Биыл «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігін құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Аталмыш бірлестік жыл соңына дейін 10 пилоттық жобаны көрерменге ұсынуды жоспарлап отыр. Мен анимация саласында өзіндік орны бар шымкенттік жігіттердің жұмысымен таныспын. Сондықтан, сіздерді «Қазақ анимациямен» бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын». Бұл туралы Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев тұрғындармен жүздесу барысында мәлімдеді. Кездесу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
қағидасы негізінде, сұрақ-жауап форматында өтті. Онда мегаполистің мәдениет, спорт және туризм салаларына қатысты келелі мәселелер қозғалды. Тақырыпты тарқатар болсақ.

133

Елімізде ұлттық домбыра күні биыл бесінші рет тойланбақ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.Абаев Шымкентке сапарында кейінгі жылдары республикада домбыра үйреніп жүргендер саны артқанын, 100 мың баланың ресми тіркелгенін тілге тиек еткен-ді. Әсте, қай кезде де күйші-жыршылар туралы қанша жазылып жүрсе де, домбыра шеберлерінің насихаты кемшін екенін мойындау керек.

130

Мектеп оқушылары жазғы демалысты қызықты өткізіп жатқанда, Шымкент қалалық білім басқармасы келер оқу жылының қамына кірісіп кетті. Әсіресе, білім ұйымдарының құрылысы қарқынды. Бүлдіршіндерге сапалы білім беріп, оның қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған 5 жылдық кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 101 мектеп салу көзделіп отыр.

118

Адам өмірден өз орнын табуы үшін не маңызды деп ойлайсыз? Дәл осы сауалдың жауабын Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында премьерасы өткен Уильям Теннесидің «Бір күндік бақыт» психологиялық драмасынан таба аласыз.

73

Елі бар ердің есімі өшпейді

Пятница, 17 Июнь 2022 04:23

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде қазақтың арда азаматтарының есімі ұлықталды. Ел басқаруда өнегелі қолтаңбасы, өрелі ісі қалған
Д.Қонаевтың 110 жылдығы мен А.Асқаровтың 100 жылдығына орай оқу ордасында арнайы бұрыш ашылды. Іс-шара «Ауыл» ХДПП Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалы мен білім ордасының бастамасымен ұйымдастырылған.

25

Маусымның 1-нен бастап ел аумағында шомылу маусымы ашылды. Маусым басталысымен-ақ шымкенттіктердің бассейндер мен су айдындарына демалуға асығатыны анық. Оған ата-анасынан жасырын, өзен-көлге рұқсатсыз баратын балалар мен масаң күйде суға түсетін ересектерді қосыңыз. Қай-қайсысы болса да, шомылу маусымында тыйым салынған орындарға барып, қауіпсіздік шараларын сақтамаған жағдайда соңы қайғылы оқиғаға ұласатынын ескермейтіні өкінішті. Мәселен, 5 мамыр күні Ақбұлақ каналында жазатайым оқиға орын алып, 2006 жылғы жасөспірім суға кеткен. Ресми деректерге сүйенсек, биыл елімізде 56 адам суға кетіп, соңы қайғылы оқиғаға әкелген. Оның ішінде 20-сы бала.

9

Шымкентте қала күні мерекесі жастар арасында «Фан-клубтар шеруімен» басталды. Шеруге қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы – 2022» чемпионатының жанкүйерлері қатысып, жеңімпаздар марапатталды. Жанкүйер жастардың қуанышында шек жоқ.

3

Асыр сал, балақай!

Пятница, 10 Июнь 2022 04:24

Оқу жылы аяқталып, мектеп бітіруші түлектер үлкен өмірге қадам басып жатса, оқушылар жазғы демалысты қызықты өткізудің қамына кірісіп кетті. Балалар жылында үйдегі бұзықтарымыздың демалысын қалай тиімді ұйымдастырып, қайда апарған жөн? Тақырыпты тарқатар болсақ.

704

Страница 10 из 21