ШАҺАР ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫРАТЫН ЖОБА БАСТАЛДЫ Избранное

Среда, 22 Июнь 2022 06:13 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1842 раз

Шымкентте тағы бір ілкімді жоба қолға алынды. Азаматтық Альянс қауымдастығына мүше бірқатар ҮЕҰ басшылары қалалық ішкі саясат басқармасымен бірге қала көшелерінің тарихынан сыр шертетін танымдық жобаны бастады.

71

 

Жаңа жобаны «Оңтүстік» телеарнасы да қолдай кеткен. Алғашқы түсірілім де жасалды. «Серпіліс» қоғамдық қорының президенті Бейсенкүл Нарымбетова осы жоба сүйікті қаламызға деген махаббатымызды көрсетіп, әрі тарихи танымды арттыратынын айтады.

70


–Алғашқы түсірілім Ордабасы алаңынан басталып, қаламыздың осы аумаққа байланысты тарихына азды-көпті тоқталдым. Әріптесім Зәуре Оралбаева Тәуке хан даңғылы және онымен қиылысатын көшелердің тарихына шолу жасады. Көше атауымен таныстыруды басқа әріптестеріміз де жалғастырады. Жылдың соңына дейін Шымкент қаласының барлық көшелерінің атауын, қысқа тарихын түгендейтін боламыз. Осындай мақсат қойып отырмыз, – дейді «Серпіліс» қоғамдық қорының президенті Б.Нарымбетова.
Жобада үкіметтік емес ұйым басшылары жалпы қаланың, көшенің тарихымен таныстырады. Алдымен қаланың ескі бөлігімен таныстыру жүріп жатыр. Жаңа жоба «Оңтүстік» телеарнасының эфирінен көрсетіліп, әлеуметтік желілерге жүктеледі.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.