Қымыз тойын жаңғыртты Избранное

Среда, 15 Июнь 2022 04:38 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1625 раз

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Shymqala» этноауылында «Қымызмұрындық» этно-фестивалі өтті. Жиында қымызмұрындық дәстүрі
жаңғырды.

2

 

Фестивальге қала тұрғындары мен қонақтары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
— Ұлтымыздың салт-дәстүрінің қай-қайсысын алсаңыз да керемет. «Қымызмұрындық» дәстүрін ұмытып кеттік деп айта алмаймыз. Иә, қолданыстан біршама шығып қалғанымен, тамыры иісі қазақтың тарихынан ажырамаған буынның көмегімен қайта жаңғырып отыр. Күні бүгінге дейін қымызмұрындық жер-жерде, ауылдарда тойланып жүр, - деді ҚР мәдениет қайраткері К.Айдарбекова.
Іс-шара қолөнершілер көрмесінен бастау алып, қымызмұрындық салтының «Биебау», «Биебайлар» жоралғыларына жалғасты. Орталық мамандары қымызды баптаудың түрлі әдіс-тәсілін ұсынып, келушілерге қымыз бен бауырсақ, құрт үлестірді. «Арқан тартыс», «Қол күрес», «Серке көтеру», «Сақа тарту», «Садақ ату» сынды ұлттық ойындар ойнатылды. Сайысқа қалалық мәдениет басқармасына қарасты 8 мекеменің командасы қатысып, жеңімпаздар жүлделі сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, қымызмұрындық Ұлыстың күні – Наурыздан кейінгі қазақтың ұлы тойы. Бұл – бие байлап, алғышқы қымыз ішу тойы және ынтымақ, еңбек бірліктің мерекесі. Мерекеде бие сүті қорланып, ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ауыл ақсақалдары мен көрші-қолаң қымызмұрындыққа шақырылған.

Ботакөз ЕРМАХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.