Кішкентай көрермендерді тәнті етті Избранное

Среда, 30 Март 2022 04:02 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2275 раз

Халықаралық театр күніне орай Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры мен «Роза» би студиясы бірлесіп, «Қар ханшайымы» ертегісін сахналады. Театрдың кішкентай көрермендері ертегіні ерекше ықыласпен тамашалап, демалысты қызықты өткізді.

60

 

Режиссер Чуприна Ануш Мануковнаның жетекшілігімен сахналанған қойылым адалдық, достық, мейірімділік сынды қасиеттерді насихаттауға арналған. Ертегінің басты тақырыбы — жақсылық пен жамандықтың күресі. Қатал да қаһарлы Қар ханшайымына мейірімді қыз Герда қарсы тұрады. Ол ағасын құтқару үшін ауа райы мен жолындағы қиындықтарға қарамастан күреседі.
«Роза» би тобының өнерпаздары көрермендерді ертегінің сиқырлы әлеміне жетелеп, кәсіби әртістермен тең дәрежеде өнер көрсетті. Балалар ертегілер еліне саяхаттап, қойылымнан соң Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының 40 жылдығына арналған «Қырық ертегі – қырық кейіпкер» республикалық суретшілер байқауының ашылуына қатысты. Сонымен қатар, «40 жылдық тарихта...» тақырыбында театр қорындағы алғашқы қуыршақтар, декорациялар, тарихи экспонаттар мен фото көрмені тамашалады.
Байқау келесі күні Арбат алаңында, ашық аспан астында жалғасты.

Шолпан МАМЫТХАНОВА,
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер
театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.