Қырық ертегі – қырық кейіпкер Избранное

Среда, 30 Март 2022 04:00 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2325 раз

жас суретшілер байқауы басталды

Қаламызда оқушылар арасында «Қырық ертегі – қырық кейіпкер» суретшілер байқауы ашылды. Іс-шара Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының 40 жылдық мерейтойы мен 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған. Байқауды өткізудегі мақсат – жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру, дарынды жастарды анықтау және балалардың шығармашылық шеберліктерін, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасау.

62

 

Қаладағы Арбатта салтанатты түрде ашылған байқау жыл бойы жалғасады. Нәтижесі 2023 жылдың 27 наурыз күні жарияланады. Шығармашылық жұмыс «Күн астындағы Күнікей қыз», «Алтын сақа», «Тазша бала», «Алдар көсе» және т.б. ертегі кейіпкерлеріне немесе жалпы сюжетке арналады. Сайысқа 13 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен бүлдіршіндер қатыса алады.
– Биыл Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрына 40 жыл толды. Осы уақыт аралығында театр балаларға арнап 150-ге жуық қойылым қойып, 500-ден аса қуыршақ әзірледі. Баланы тәрбиелеудің ең тиімді жолы – оны мәдениет ошағына жақындату. 40 жылдық тарихы бар театр балалармен тығыз байланыс орнату үшін «Қырық ертегі – қырық кейіпкер» сурет сайысын ұйымдастырып отыр, – деді театр директоры Самат Алтаев.
Іс-шара барысында театр қорындағы 40 қуыршақ шеруге қатысып, концерттік бағдарлама өтті. Көрмеге балалар өнер мектебінің суреттері қойылды. Оқушылар сарайы «Арабеска» сурет үйірмесінің шәкірті Аделя Бақытжан да сайысқа қатысып, бағын сынап көрмек.
– Бүгінгі байқауға «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің суретін салдым. Сурет салуды кәсіби түрде меңгеріп жүргендіктен, аса қиынға соқпады. Байқауда жеңіске жету үшін ұқыпты жұмыс жасауға тырыстым. Мұнда көптеген талантты жастармен таныстым. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды, – деді Аделя Бақытжанқызы.
Айта кетейік, байқауға қатысу үшін «Қырық ертегі – қырық кейіпкер» тақырыбына сай салынған суреттердің фотоларын
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекенжайына жолдау қажет.

Ақбөпе ЕРГЕШ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.