ҚАМАР СҰЛУ ОПЕРАСЫ САХНАЛАНДЫ Избранное

Среда, 24 Ноябрь 2021 04:13 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2773 раз

Шымкент қалалық опера және балет театрының сахнасында Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсының премьерасы көрермен назарына ұсынылды.

601

 

Бұл премьера алғаш рет 2013 жылы қойылып, қоюшы режиссерлері ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғафиз Есімов пен ҚР еңбек сіңірген әртісі Махинұр Рахманова болды. Бұл жолғы премьераны Ресей режиссеры Михаил Панджавидзе өзінің ерекше стильді идеясымен Еркеғали Рахмадиевтың 90 жылдығына орай өнер сүйер көпшілікке паш етті.
Байшыкеш Нұрым бойжеткеннің қарсылығына қарамастан қос ғашықты ажыратып, Қамарды әйелдікке алуға ұмтылады. Бай шонжардың сойылын соққандар сұлуды Нұрымның босағасына байлап беруге тырысады. Бұған Қамардың ағасы Оспан да құмбыл. Қойылымның екінші бөлімінде Қамарды Нұрым бай алып тынады. Бірақ қайғыдан құр сүлдері қалған сұлуды әкесі Омар мен ғашығы Ахмет құтқарып қалады.
Айта кетейік, режиссер «Қамар сұлуды» көрерменге жаңаша бағытта ұсынды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.