Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған кешті ҚР мәдениет қайраткері Гүлбала Әбуова жүргізіп, концертте ақынның өлеңіне жазылған әндер мен жырлары орындалды.
– Бүгінгі кешке жиналып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет! «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» демекші, кешіме анамның да қатысып отырғанына шексіз қуаныштымын, – деген Е.Бакиев анасына арнап жазған әнін орындап, гүл шоқтарын сыйлады.
Кеш барысында ақынның өзі тәмамдаған «Үміт» мектеп-интернатының ұжымы атынан Ербек Бакиевке алғыс хат табысталды. Содан кейін Феризат Изімбаева, Нұржан Төребаев, Балташ Еңсепбаев, Мадина Ермаханова, Рүстем Кенжеұлы, Айнұр Смандиярова, Бағдәулет Құрал және «Үміт» мектеп-интернатының шәкірттері – Ақмарал Басымбек, Мақсат Жанпейісов секілді талант иелері өнер көрсетті. Сонымен қоса кеш барысында көпшілік ақынның жыр кітабын тамашалауға мүмкіндік алды.