БУККРОССИНГ – КІТАП ОҚИТЫН БҰРЫШ Избранное

Среда, 20 Октябрь 2021 04:13 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2173 раз

Бүгінде әдебиеттен алыстап бара жатқан қауымды қызықтырып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру өте өзекті болып отыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Абай атындағы кітапхананың бастамасымен «Кітап оқитын Шымқала» буккроссинг іс-шарасы өтті.

102

 

Жиынға ақын С.Нұрман, Д.Танабаев, К.Айдарбекова, «Жас қаламгер» ақындар клубының мүшелері қатысты.
— Қала тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, қазақ әдебиетінің інжу-маржандарын қолжетімді ету мақсатында буккроссинг бұрыштары ұйымдастырылуда. Шілде айында қаладағы ауруханалар мен оңалту орталықтарында ашылған болатын. Енді Қаратау ауданы аумағында, С.Бәйтереков ескерткіші мен №130 жалпы орта мектеп маңында ұйымдастырылып отыр. Бұйыртса, алдағы аптада қаланың басқа аудандарында да ұйымдастырмақпыз, – дейді Абай атындағы орталық кітапхананың меңгерушісі Нүрила Жұманова.
Көшедегі кітап сөресі қала тұрғындарын әдебиет оқуға баулып қана қоймай, адам бойындағы жауапкершілік, адалдық, тазалық сынды қасиеттерді де қалыптастыра түсері сөзсіз. Себебі, кітап сөресі еш бақылаусыз, ашық алаңда орналасқан.
Н.Жұманованың айтуынша, кез келген қала тұрғыны сөредегі қызықтарған кітапты оқуға алып, қайта орнына әкелсе болды. Сондай-ақ, үйіндегі оқылған әдебиеттерін буккроссинг бұрышына сыйға да қалдыра алады.

Другие материалы в этой категории: « «МҰҚАҒАЛИ» ХАЛҚЫМЕН ҚАУЫШТЫ Театр жаршылары »