Шеберлік сағатының барысында балалар атқа қалай отыру керегін, жылқымен жұмыс істеудің пайдасы туралы танысты. Балалардың бәрі ат үстіне отырып, мәз-мейрам боп, көңіл-күйлері көтеріліп қайтты.
Иппотерапияға қатысқан балалардың басым көпшілігінде ой-өрісінің кеш дамуы, қимыл-қозғалысының әлсіздігі бар. Ал оны емдеуге жылқыға мініп жаттығу көмектеседі.
Жылқыға мініп жаттығу арқылы емдеудің тиімділігін дәрігерлердің өзі мойындаған. Бүгінде ерекше балалар сәйгүліктерге мініп біраз серуен құрды. Таңдап алынған жылқылар салт жүріске жайлы, тарпаң мінезі жоқ, жуас. Атпен серуендеу ең алдымен тамаша массаж. Ат үстіндегі адамның барлық бұлшық еті жұмыс істейді.
Иппотерапияның пайдасы мынадай:
- Дене белсенділігі арттырады;
- Жаңа қабілеттерін ашуға көмек етеді;
- Психикалық оңалудан өтуге үлес қосады;
- Цеберальды сал ауруларын оңалтуда септігін тигізеді;
- Ойлау қабілетін жақсартады;
- Бойдағы қорқыныш пен үрейден арылтады.
Қосалқы мектеп-интернатының меңгерушісі де балалардың айырықша қуанғанын айтып, Шымкент-Циркке алғысын білдірді. Алдағы уақытта цирк ұжымы ерекше балалардың оңалуы үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.