«Домалақ анаға» қошемет ерекше Избранное

Среда, 08 Сентябрь 2021 04:09 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2060 раз

Шымкент қалалық опера және балет театрының ұжымы елордадан гастрольдік сапардан оралды. Өнерпаздарды қалалық әуежайдан Ханзада Есенова бастаған мәдениет басқармасының басшылары күтіп алды. Театр жетекшілерінің айтуынша, еліміздің бас қаласына жасалған сапар жемісті өткен.

740

 

— Астана опера театрындағы қойылымымыз керемет өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары, Үкімет мүшелері мен басқа да лауазымды тұлғалар қойылымды тамашалап, жақсы бағалады. Елордалықтар қонақжайлылық танытып, Астана театрының ұжымы бізге үлкен қолдау көрсетті. Әріптестеріміз «Домалақ ана» операсын сахналауға, дайындыққа көмектесті. Қолдау тек шығармашылық тұрғыдан болған жоқ, техникалық жағынан да көмек көп болды. Жалпы, Шымкент қалалық опера және балет театрының ұжымы мұндай жоғары дәрежелі гастрольге көптен бері алғаш рет шығып отыр. Дегенмен, жауапкершілігі жоғары миссияны жойдағыдай орындадық деген сенімдеміз, – деді Шымкент опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы.

741


Өнер иесінің айтуынша, опера әлеуметтік желілер мен сайттарда тікелей эфирде көрсетілген. Шымкенттік ұжым екі күндік қойылымнан кейін Қазақстанның өңірлерінен келген әріптестерінен қонаққа шақыру алды. Ал қыркүйек айының ортасында үшінші мегаполисте опера және балет театрының маусымашар салтанаты өтпек. Өнерпаздар онда жерлестерін «Домалақ ана» операсымен кезекті рет қуантуды жоспарлап отыр.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.