Талғамы биік, тарихы терең қазақ театры! Избранное

Пятница, 09 Июль 2021 04:51 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3350 раз

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының кезекті 87-ші маусымы И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасымен жабылды. Қойылымға көрерменнің ықыласы ерекше болды. Олай болса, театрдың жыл басынан бері көрермен көзайымына айналған қойылымдарына көз жүгіртейік.

403

 

Театрдың 87-ші маусымы «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында «Аманат» толғауының премьерасымен ашылып, көп ұзамай қоғам дерті – сыбайлас жемқорлық жайында С.Қасымбектің «Қол» психологиялық драмасының премьерасы, ұлы даланың ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Ш.Құсайыновтың «Әбу Насыр әл-Фараби» тарихи драмасы, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасы, М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали» /инсц.Қ.Қасымов/ монодрамасының премьералары сахналанды. Бұнымен тоқтамады, Шымкент қаласының 2200 жылдығы мен Әз-Наурыз мейрамына арналған С.Қасымбектің «Наурыз көне Шымқалада» таңғажайып хикаятының премьерасы және осы секілді ғажайып жаңа премьералар театр көрермендерінің жүрегінен орын тапты. Жалпы жыл бойына 7 премьера көрермен назарына ұсынылды.
Театр – сахна өнеріне тер төккен режиссер, суретші, гример, бутафор сынды кәсіби сахна мамандарының еңбегімен халықтың ықыласына бөленген өнер ордасы. Қазақ театры кезекті демалыстан кейін тың идея, ерекше қойылымдармен жаңа маусымның шымылдығын ашады. Ендеше, театрдың жаңа маусымында жүздескенше!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.