Әдеби шығармалар байқауы мәресіне жетті Избранное

Пятница, 26 Март 2021 03:34 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2918 раз

Қала әкімінің қолдауымен Шымкентте «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай әдеби шығармалар байқауы өтті. Байқауды
Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырды.

424

 

Байқаудың ережесі бойынша әдеби шығармалар байқауы екі бағытта өтті. Поэзия жанры бойынша жыр мүшәйрасына «Қазақиям – азат ұям» тақырыбы берілсе, проза және драмалық шығармалар бойынша байқау «Өркендей бер, өр Елім» тақырыбымен өтті. Үміткерлер тәуелсіздік жылдарындағы ел жетістігін жырға қосуы, әдеби шығармасына арқау етуі қажет болды.
Байқауға қатысушылардың жасына шек қойылмады. Жыр бәйгесіне тек Шымкент қаласында тұрақты тіркелген үміткерлер қатысты.
Жыр додасы туралы көптеген халық-аралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері, М.Ғабдуллин атындағы сыйлықтың, ҚР Президенті тағайындаған арнайы стипендияның екі дүркін иегері Бақытжан Алдияр өз ойын іркіп қалмады.
–Мүшәйраға ұсынылған 28 үміткердің өлеңдерімен толық танысып шықтым. Қазылар алқасының пікірлерін толық қолдаймын. Өз тарапымнан қосарым, Сезім Мергенбай мен Арайлым Мұратәлиеваның өлеңдері нәзік сыршылдығымен, басқалардан бөлекше ой орамдарымен қызықтырып қуантса, Әлімжан Әлішердің, Ақбота Бейбітбектің, Біржан Байтуовтың сөз қолданыстары, көркемдеуіш тәсілдер көңіл қуантарлық, - деді Бақытжан Алдияр.
Байқау қорытындысы бойынша, поэзия аталымындағы арнайы жүлде қоры былай бөлінді:
1 орын – Арайлым Мұратәлиеваға – (500 000 теңге);
2 орын Әлімжан Әлішерге – (300 000 теңге);
3 орын Ақбота Бейбітбекке – (200 000 теңге):
Ынталандыру сыйлығы – (100 000 теңгеден) үш ақынға Бауыржан Ерман, Біржан Байтуов, Сезім Мергенбайға берілді.
Байқаудың проза аталымы бойынша бәйгеден қара үзгендер мыналар:
1 орынға лайық шығарма жоқ деп ұйғарылды. Сол орынға бөлінген сыйақы 8 ынталандыру сыйлығына бөлінді.
2 орын Камила Тілепованың «Жолайрық» әңгімесіне – (300 000 теңге);
3 орын Захардин Қыстаубайұлының «Егіздің сыңары» драмасына – (200 000 теңге);
Ынталандыру сыйлықтары:
Қайырғали Медеттің «Болашақтың алтын кілті» драмасы,
Тұңғышбай Төрегелдиевтің «Ергешбай» әңгімесі;
Ұлжан Дәуренбекқызының «Көксарайдың Рақышы» деректі әңгімесі;
Жеңіскүл Ыбрайымованың «Соңғы үміт» әңгімесі;
Жәмилә Мамырәлінің «Америкадан келген күйеу бала» әңгімесі;
Әзімхан Исабектің «Тұрағұл Абайұлы және Тәуелсіздік» деректі әңгімесі;
Елнұр Қайратұлының «Құпия үңгір» әңгімесі;
Салтанат Айдарбекованың «Көкқасқа» әңгімесіне (100 000 теңгеден) берілді.
Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.