Тарихтан тағлым – өткенге тағзым Избранное

Пятница, 19 Март 2021 03:53 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 9600 раз

17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні». Бұл күні Цитадельде Шымкенттің 2200 жылдығына арналған PUBLIC TALC форматында тарихшылармен кездесу өтті.

402

 

Шымкент – Қазақстандағы тарихы терең қалалардың бірі. Тарихшылардың зерттеуі бойынша, шаһардың негізі қаланғанына екі мың жылдан асқан. Бұл қала маңындағы қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи жәдігерлер негізінде дәлелденген. Қазіргі кезде осы жәдігерлер мұражайда сақталып, қала тұрғындары мен қонақтарының тамашалайтын көрнекті жеріне айналған.

Іс-шарада тарихшылар, музей қызметкерлері келушілерге қала тарихы жөнінде баяндап, музеймен таныстырды. Кездесуге Атырау облысынан блогерлер арнайы келіп қатысты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Екі айда жазылған опера Өнерді үйрен де жирен »