Версия для печати

Бабам жүрген ізіне үңілемін

Пятница, 12 Февраль 2021 06:27 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4868 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Сіз ғажап құпияға толы асатаяқ көргенсіз бе?

asa-tayak

Осы күндері Шымкенттегі Көрме орталығында өтіп жатқан «Зергерлік бұйымдар-2021» көрме-жәрмеңкесіне келушілер айрықша асатаяқты көруге мүмкіндік алды.

Ғасырлардың куәсі әрі тарихи жәдігер саналатын бұл затты сонша көп бұйымның ішінен ерекшелеп айтуымыздың себебі де жоқ емес. Көне заманнан келе жатқан билік нышаны болуымен бірге оның ішінде қанжар, найза және тәспі де бар.

Асатаяқ еменнен жасалған және жоғары сынамалы күміспен, тау хрусталімен, аметистпен, лазурит, сұңқардың көзі, жолбарыс көзімен және ақық тасымен безендірілген. Нағыз ханға лайықты сыйлық. Осындай баға жетпес сұлулықты өзінің шәкірттерімен бірге қаладағы белгілі қолөнер шебері Әшірбек Желдібаев жасаған.

Бірақ, көрмеге қатысқан нәзікжандылардың басым көпшілігі Меккедегі қасиетті «Зәм-зәм» бұлағынан әкелінетін суды құйып ішуге арналған кішкене шыныаяқтары бар құмыраны көбірек ұнатты. Мұндай қымбат сыйлық әулетте ұрпақтан ұрпаққа қалдыруға тұрарлық жиынтық.

Ежелгі заманнан қазақтың негізгі және сүйікті зергерлік бұйымдарының басты материалы күміс болды. Сондықтан белгілі этнолог Ахмет Тоқтабаев «қазақ зергерлерінің жолы – күміс» деген. Міне, күмістен және алтыннан жасалған зергерлік өнер нақыштарын да осы көрмеден көп кездестірдік. ROZA GOLD, Aiaulym Gold, Tomiris collection, Zepter, Labro_dom, Aizado silver, KAZAKHUVELIR, ALEM_GOLD. KZ белгілерімен жасалған әшекейлер мен Икрамжан Мұхамеджан сияқты қолөнер шеберлері мен ұсталарының ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі осы жәрмеңкеде тағы бір айшықталғандай.

Зергерлер – мәдени мұраны сақтаушылар. Қазіргі заманғы зергерлік өнер туындылары осы саланың дамуына үлкен үлес қосып, олардың ерекшеліктерін әлемге түсіндіріп, көшпенділердің жаһандық кеңістік ауқымдығын қайта ашқандай. Көрмедегі көптеген өнер туындылары ежелгі дәстүрлерді жаңғыртып, көненің көзі – зергерлік өнердің өрісін кеңейтуде.

Айта кетейік, аталған көрме үш күнге, яғни 13 ақпанға дейін сағат 11.00-18.00 аралығында жалғасатын болады.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.