Мәдениет үйіне 2020 жылы қалалық бюджеттен 129 807,0 мың теңге, оның ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 32 884,0 мың теңге бөлінген болатын. Театр ғимараты 1974 жылы салынған.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жөндеуден өткен театрдың ғимаратымен танысып, жаңа маусымының ашылуына арнайы қатысты.
Шымкент қалалық өзбек драма театры республика көлеміндегі жалғыз өзбек театры саналады. Театр репертуарында 50-ден аса қойылым бар. Мәдениет үйі бүгінде үздіксіз жұмыс жасап келеді. Театрда үлкен – 480 орынды және кіші – 80 орынды залдар бар.
Қала әкімінің бірінші орынбасары 2013 жылдан бері театр директорының қызметін атқарып келген Икрам Хашимжановты зейнеткерлікке шығуымен құттықтады.