АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ Избранное

Пятница, 21 Февраль 2020 03:23 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2475 раз

Шымкентте Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауқымды жобалар жүзеге асады. Бұл туралы ақпараттық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева мәлімдеді.

Рухани жаңғыру

Атап айтсақ, Шымкентте Наурыз мерекесінде ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының ашылу салтанаты өтеді. Этноауыл ашылып, қоғамдық және мәдени демалыс орындарында қазақтың халық әндері мен күйлері орындалады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылатын іс-шаралар аясында қаламыздағы тарихи орындардың инфрақұрылымы жаңартылады. Мұнан бөлек, Әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өткізіледі.

- Шымкентте өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 742-ге жуық түрлі іс-шара ұйымдастырылды. «Дәстүрім асыл қазынам» кітабы, «Ұлттық киімдер» фотоальбомы, «Жаңа ғасыр әуендері» атты жас ақындар антологиясы жарық көрді. Рухани құндылықты байытуға арналған шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады,-деді спикер.

Мұнан бөлек, «Туған жер» жобасы бойынша 5-7 сынып оқушыларына арналған «Өлкетану», «Өлкетану хрестоматиясы» кітаптары жарық көрді. Латын графикасына көшу бойынша арнайы желілік кесте әзірленді.
«Кітап оқып, рухани бай бол» байқауы, республикалық «Тұлпар мініп, ту алған» батырлар жырын жатқа айтуға арналған байқауы жоғары деңгейде өткізілді.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.