Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қала тұрғындарына ерекше мәдени демалыс пен көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында «Шым қала кештері» атты OPEN AIR форматтағы концерттік іс-шараларын 27 шілдеден бастап ұйымдастырып келеді.
Аталған іс-шара қаланың түрлі саябақтары мен гүлзарларында әр сенбі сайын тұрақты түрде өтуде.
Бүгін де «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бір мезгілде қаланың бес нүктесінде өтті. Атап айтқанда, А.Асқаров атындағы Дендросаябақта,«Кең баба» саябағы, «Көл» демалыс аймағы, Орталық саябақта қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мерекелік бағдарламасын ұсынды.
«Шымқала кештері» концерті қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени іс-шаралар арқылы жағымды эмоциялар мен рухани демалыс сыйлауды көздейді. Іс-шара күзге дейін жалғасады.