Ұлттық театр – Шымкент төрінде Избранное

Среда, 28 Сентябрь 2022 04:38 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2194 раз

М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры Шымкентке гастрольдік сапармен келді. М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек және М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының әртісі, ҚР «Серпер» жастар одағы сыйлығының иегері Алмас Шаяхметов Ақпараттық-коммуникациялық орталығында БАҚ өкілдерімен кездесіп, гастрольдік сапардың жоспарымен таныстырды.

251

 

Өнер ұжымы театр репертуарындағы шоқтығы биік спектакльдерін қала тұрғындары мен қонақтарына Шымкент қалалық орыс драма театрының сахнасында тарту етпек.
«Бұл шара М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатыр. Театрымыздың үлкен-кіші буыны бар, қазіргі қазақ экранында жүрген танымал актерлармен қосқанда жалпы 60-қа жуық актер келіп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақтың дарынды жазушысы Д.Исабековтің 80 жас мерейтойына арналған «Ұлттық театр сахнасында Дулат Исабековтың шығармалары» атты көрме ұйымдастырылады. Бұл күндері театр фойесінде Ұлттық театрдың мұражай қорынан «Мұхтар Әуезов және Ұлттық театр» көрмесі де көрерменге жол тартады» - деді Е.Жуасбек.
Сондай-ақ, 28 қыркүйек сағат 11.00-де Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы, «Платиналы Тарлан» сыйлығының, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Назгүл Қарабалина М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған М.Әуезов атындағы Ұлттық театрдың гастрольдік сапары аясында «Монодрама - шеберлік шыңы» атты шеберлік сағатын өткізеді.

252