Қойылымға материалдық және рухани байлықтың ара-жігін білу, қазіргідей жаһандық дәуірдегі рухани байлықтың құндылығы арқау болған. Әлемнің өркендеуі үшін үйлесімді дамыған қоғам құруда адам факторы өте маңызды екені айқын. Шаходат Исаханованың «Тановор» шығармасы осы тақырыпқа арналған. Оқиға қыз-келіншектердің тігіншіге келіп, әңгіме-дүкен құруынан басталады.
Көрермен пьесада жақсылық пен жамандық, тәкаппарлық пен кішіпейілділік, адалдық пен алауыздықтың күресі арқылы қоғамның шынайы бет-бейнесін тануға мүмкіндік табады. Спектакльде бірнеше өлең шырқалды.
Салтанатты кеште сөз алған театр директоры Мирвахид Миразизов көрермендерге алғысын жеткізді. «Atlas Travel Agensy» агенттігінің директоры Султонмурод
Халмуратұлы және
Абдураим Худойбергенов демеушілік танытып, көрермендерге сый-сияпаттар табысталды.