ІРГЕЛІ ҒЫЛЫМНЫҢ ІЗІ БАР Избранное

Пятница, 08 Апрель 2022 03:10 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3618 раз

Қазақстандық ғылымның дамуына медициналық жоғары оқу орындары да маңызды үлес қосуда. Олардың ішінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы еліміздің ең ірі өңірлік ғылыми орталықтарының бірі саналады.

123

 

Бұл оқу орны еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді.
Оқу орны медициналық және фармацевтикалық бейіндегі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету үшін барлық қажет ресурстарға ие. Білім беруді дамытудың негізгі әлемдік үрдістерінің қатысушысы бола отырып, академия өз қызметін Болон процесінің параметрлеріне, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының талаптарына, Қазақстанның ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес үйлестіреді. Жетекші ғалымдарымыз отандық медицина мен фармацевтика ғылымының дамуына үлес қосуда. Академия бірқатар ғылыми бағыт бойынша елімізде жетекші орынға ие, шет мемлекеттерде танымал.
ОҚМА «Қазақстан Республикасында дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы» тақырыбы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде
Шымкент қаласы, Түркістан және Қызылорда облыстары бойынша бірлесіп орындаушы ретінде ғылыми-зерттеу жұмысына қатысады.
2021 жылы ОҚМА қызметкерлері Scopus және Web of Science әлемдік дерекқорларымен индекстелетін рецензияланған журналдарға 50-ден астам мақала жариялады. 2020 жылмен салыстырғанда дәйексөздер саны 334-тен 2056-ға дейін, айтарлықтай өсті. Web of Knowledge, Scopus деректер базасындағы ОҚМА қызметкерлерінің Хирш индексі – 79, Ал Google Scholar мәліметтері бойынша – 105. Профессорлық-оқытушылық құрам жоғары оқу орнының ғылымын дамытуға мол үлес қосып, 2021 жылы 41 авторлық куәлік, 13 патент алды, 4 монография шығарды. «Central Asian Journal of Medical Hypotheses and Ethics» журналы Directory of Open Access Journals (2021) тізіміне, рецензияланатын ашық қолжетімділік журналдарының онлайн-каталогына енгізілді. Біз журналдың дерекқорға енген Қазақстандағы жалғыз басылым екенін мақтан тұтамыз.
Ғылыми және клиникалық қызметті тиімді және жедел жүзеге асыру үшін практикалық дағдылар орталығы, дәрілік өсімдіктердің ғылыми-зерттеу зертханасы, «South clinical & Genetic laboratory» ғылыми клиникалық-диагностикалық зертханасы жұмыс істейді.
Оқу ордасы «Білім–ғылым–өндіріс» тізбегін бұзбау үшін халықаралық және республикалық конференцияларда алғашқы нәтижелермен шығатын қабілетті жас ғалымдарды ғылыми қызметпен айналысуға жұмылдырып келеді. ОҚМА-да барлығы 23 ғылыми студенттік үйірме жұмыс істейді. Ондағы ғылыми қызметпен белсенді айналысатын магистранттар мен докторанттар Нұр-
Сұлтан, Алматы, Түркістан, Техас, Клуж Напока (Румыния), Мәскеу, Ташкент және т.б. қалаларға ғылыми тағылымдамаларға жіберіледі.
Жоғарғы оқу орнының әкімшілігі алдағы уақытта да ғылымды қаржыландыруды күшейту, ғылыми қызметтің жаңа нысандарын ұйымдастыру, ғылыми зерттеулердің материалдық-техникалық базасын қалыптастастыруға баса назар аударады. Сонымен қатар, ғылымдағы инновацияларды, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстарды нығайтумен, құрылатын ғылыми технологиялар мен өнімдерді практикалық пайдалану саласына трансферт тетігін қалыптастырумен айналысуға ниетті.
Біз өзіміздің стратегиялық мақсаттарымыз бен міндеттерімізді айқын көріп отырмыз. Оларға қол жеткізу арқылы жаһандық білім беру мен ғылыми кеңістік арасын теңдестіруге болады.

Мырзабек РЫСБЕКОВ,
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры, профессор

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.