Альбина – Amherst Colledge үміткері Избранное

Пятница, 08 Апрель 2022 03:08 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2807 раз

Шымкент ФМБ NIS мектебінің оқушысы Альбина Жамболатова Amherst Colledge-ге шақырылған шетелдік кандидаттардың қатарынан көрінді.

121

 

Amherst College биылғы жылы шетелдік үміткерлердің тек 7 пайызын қабылдады. Қатаң іріктеуден Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Альбина Жамбулатова өтті. Альбинаның жоғары академиялық жетістіктерін XXVII International Multidisciplinary Conférence мақалалар жинағында жарияланған зерттеу жұмысы растады. Өткен жылдың тамыз айында Гарвард университеті ұйымдастырып, қазақстандық екі оқушы ғана жолдама алған Нобель сыйлығының иегері, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы болған Генри Альфред Киссинджермен өткен онлайн кездесуге қатысқан.
Альбина қолданбалы математика факультетінде оқып, математикалық әлеуметтануға мамандануды жоспарлап отыр. Өзінің ғылыми мақаласында ол жаратылыстану саласындағы есептерді шешу үшін дифференциалдық теңдеулерді қалай қолдану керектігін зерттеді. Жетекшісі Инесия Михайловнамен бірге математиканы өмірде қолданудың жолдарын іздеуде. Айта кетейік, Amherst Colledge АҚШ рейтингінде гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік үштіктің қатарына кіреді.

Шымкент ФМБ NIS баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.