Ұстаздар республикада топ жарды Избранное

Пятница, 01 Апрель 2022 04:33 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2931 раз

Шымкенттік ұстаздар республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды. Атырау қаласында 28-30 наурыз аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдері арасында дәстүрлі «Математикалық регата» олимпиадасы өтті.

80

 

Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлері мен республикалық білім беру ұйымдарынан құрамы 4 адамнан тұратын 20 команда қатысты. Ұстаздардың білімін саралайтын дәстүрлі байқауға Шымкент қаласынан да команда қатысты. Шымқаланың намысын қалалық кезеңнің жеңімпаздары О.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің мұғалімі Раиса Ен, дарынды балаларға арналған №1 IT лицей-интернатының мұғалімі Нұрбол Мирзахмедов, №90 ДАБММГ мұғалімі Елдос Айдарбеков және Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының мұғалімі Жақсылық
Садиров қорғады.
Олимпиада төрт кезеңді қамтыған. Қатысушыларға әр кезең бойынша ұжымдық жазбаша шешуді қажет ететін үш тапсырма берілген. Байқаудың барлық кезеңінде шымкенттік ұстаздар білімі мен тәжірибесін дәлелдеді. Нәтижесінде республикалық олимпиадада Шымкент қаласының командасы III орын иеленіп, жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.